Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    ҚарМУ-де бірлескен тарихи зерттеулер мен жобалар туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

    ҚарМУ-да Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен университет арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлескен тарихи зерттеулер жүргізуге келісті. Сондай-ақ, еліміздің және өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау көзделіп отыр.

    Меморандумның мақсаты - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасында және "Ұлы дланың жеті қыры" мақаласында белгіленген міндеттер мен басымдықтарды іске асыру.
    ҚарМУ ректоры, профессор Азамат Едрісов әріптестеріне ашықтық пен ынтымақтастыққа әзірлігі үшін алғысын білдірді.
    - Меморандумға қол қою біздің қызметіміздің аясын кеңейтуге және ынтымақтастықты одан әрі жемісті етуге мүмкіндік береді. Бұл Президенттің академиялық қоғамдастыққа қойған міндеттерін шешуге біздің ортақ үлесіміз болады, - деді Азамат Едрісов.
    Үш ұйымның өзара серіктестігі бірнеше бағыт бойынша дамитын болады. Олардың қатарында – бірлескен конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, Қазақстанның және Қарағанды өңірінің тарихи мұрасын көпшілікке тарату үшін жобалар әзірлеу және өткізу. Сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар мен жинақтарды дайындау, өзара қызығушылық тудыратын тәжірибе, білім және құжаттар алмасу.