Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандының мерейтойына орай 100 автокөліктен құралған автофлешмоб ұйымдастырылды

    Қарағанды қаласының автосүйерлер клубтары жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп қаламызды 85 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ерекше флешмобқа 100-ден астам автокөліктер, оның ішінде 12 жол полициясы көліктері жұмылдырылды.

    Акцияны ұйымдастыру идеясы біраз уақыт бұрын пайда болған.
    - Қаламыздың түрлі алаңдарында біз автокөліктердің көмегімен «Біз сені сүйеміз» деген жазуды құрып, жоғарыдан түсіріп алдық. Жазуларды қаламыздың танымал жерлерінде тізбектедік. «СҮЙЕМІЗ» деген сөзді орталық мешіт алдындағы алаңда құрастырдық, «БІЗ» сөзін «Чайка» қонақ үйінің маңында, себебі ол қаламыздың ескерткіштерінің бірі деуге болады. Ал «СЕНІ» сөзін GGG спорт кешенінің алдында құрастырдық, біз үшін ол ерекше жер, себебі атақты жерлесіміздің есімі әлемге танымал, - дейді автофлешмоб ұйымдстырушыларының бірі Ольга Ершова.
    Автоклубтардың жетекшілері алдын ала хабарландыру жасап, шараға кез-келген ниет білдіруші алдын-ала тіркеліп, қатыса алды. Дайындық жұмыстары 2 ай уақытты қажет етті. Автомобильдер көлемі және түстері бойынша іріктелді. Жүрек пішінін жасау үшін 12 қызыл көлік таңдалды. Ал «85» санын құрастыруға жол полициясының қызметтік көліктері қатысты.
    - Осылайша біз сүйікті қаламызды мерейтойымен құттықтап, оған ыстық сезімімізді білдіргіміз келді, - дейді Ольга Ершова.
    Аязды күндерге қарамастан, автокөлік иелері бірнеше сағат бойы композицияны құрастыруға қатысты. Қатысушыларға флешмоб демеушілері ыстық шай мен бутербродтар дайындады. Қала әкімдігі шараны ұйымдастыруға көмектесті.
    Бұл Қарағанды қаласының автосүйерлер клубтарының ұйымдастырып отырған үшінші жарқын акциясы. Осыған дейін олар ардагерлерді 9 мамыр мерекесімен, сондай-ақ қала тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтаған болатын.