Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандыда Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада DAMÝ KEŃISTIGI атты коворкинг-орталық ашылды

    М. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада DAMÝ KEŃISTIGI атты коворкинг орталығы ашылды. Мұнда барлық тілек білдірушілер сейсенбі мен жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін келе алады.
    Коворкинг-орталықта функционалдық аймақтар жабдықталған. Мұнда ыңғайлы креслолар, үстелдер, ноутбуктер, принтерлер, сканерлер, бірлескен және жеке жұмыс істеуге арналған аймақтар, мультимедиялық кабинет, тегін Wi-Fi бар. Демалыс аймағында смартфонға арналған 3D көзілдірігі, шахмат, дойбы және теннис үстелі қарастырылған.
    Коворкинг-орталықтың ашылуында «Қарағанды өлкетануы» атты мобильді тақырыптық кітапхана таныстырылды. Оның көмегімен қаламыздың дамуы мен қалыптасуы туралы қажетті ақпаратты оңай табуға болады.
    Кітапханада «Білім орталығы» аймағы құрылды, онда жас кәсіпкерлер семинарлар мен конференциялар өткізеді. Ал балалар аймағында кішкентай оқырмандар мен олардың ата-аналары баланың жан-жақты дамуына қажетті барлық нәрселерді табады.
    Кітапханада барлық қызметтер тегін.
    DAMÝ KEISTIGI коворкинг-орталығының орналасқан мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Төлепов көшесі, 17, байланыс телефоны: 421226.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина