Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылық дзюдошы Парижде өткен турнирде екінші орын иеленді

    Қарағандылық дзюдошы Ислам Бозбаев Парижде өткен "Үлкен Дулыға" турнирінің күміс жүлдегері атанды. Ол финалдық тартыста төрт қарсыласын жеңіп, тек Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегеріне есе жіберіп алды.

    "Үлкен Дулыға" турнирі 9-10 ақпанда Париж қаласында өтті. Оған әлемнің түрлі елдерінен келген мықты спортшылар қатысты.
    Медаль үшін күресте Ислам Бозбаев неміс Эдуард Триппел, молдаван Юрий Мокан, жапониялық Шойчиро Муаки және израильдік Ли Кошманнан басым түсті.
    Финалдық кездесуде қарағандылық 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дон Хан Гвакаға қарсы шықты. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.
    Парижде өткен турнирде Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Елдос Сметов те күміс жүлдені иеленді. Қола жүлдені Отгонцэцэг Галбадрах ұтып алды.
    Ислам Бозбаев 1991 жылы 11 маусымда Теміртау қаласында дүниеге келген.
    Жетістіктері: Азиаданың қола жүлдегері (2010 жыл), Азия чемпионатының екі дүркін күміс (2011, 2017 жылдар) және қола (2013 жыл) жүлдегері, «Үлкен Дулыға» кезеңдерінің екі дүркін қола жүлдегері (2011, 2012 жылдар), Әлем Кубогының жеңімпазы (2011 жыл), екі дүркін жеңімпаз (2013, 2018 жылдар) және әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (2015 жыл), «Үлкен Дулыға» кезеңінің жеңімпазы (2017 жыл), «Әлемдік шеберлер» халықаралық турнирінің қола жүлдегері (2018 жыл), Әлемнің 11-ші дзюдошысы. Олимпиадағы қатысушы (2012 жыл). Қазақстан Республикасының спорт шебері.