Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Әкімдердің есеп беру кездесулері: Қаражалда су мәселесі шешілді

    Қаражал әкімі Тілектес Досаев жергілікті биліктің өткен жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді және 2019 жылғы жоспарлармен бөлісті. Кездесуде тұрғындар мектептерді күрделі жөндеуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, елді мекендерді абаттандыруға қатысты сұрақтар қойды.
    - «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша өткен жылы «Жәйрем – Қаражал» топтық су тартқышын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды. Қосымша жаңа ұңғымалар орнатылды. Жабдықтар ауыстырылды. Қаражалға дейін екінші желі созылды. Сондай-ақ, Жәйремде су таратқыштың тозығы жеткен желілері толықтай ауыстырылды. Бүгін Қаражал мен Жәйрем кенті тәулік бойы сумен қамтамасыз етілген, - деді Тілектес Досаев.
    Оның айтуынша, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Шалғы кенті мен Ақтай шағын ауданында су құбырын қайта құру және салу бойынша тағы екі жобаны іске асыру жоспарлануда.
    Биыл Қаражалдағы кәріз желілерін қайта жаңарту басталады. Әкімнің айтуынша, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 100 млн теңге бөлінді.
    Қала әкімі экономика мен әлеуметтік саланың дамуы туралы айтып берді.
    - 2019 жылы Шығыс Қаражал кен орнының темір-марганец кендерін игеру бойынша ірі жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр. Инвестиция 6 млрд теңгеден асады. Біздің қалада 170 жаңа жұмыс орны ашылады, - деді ол.
    Тапсырыс беруші-Тараз металлургиялық зауыты. Жоба 2043 жылға дейін есептелген. Кен өндірудің жоспарланған көлемі – жылына 300 мың тонна.
    Жыл сайын өңірде білім беруді дамытуға көп қаражат жұмсалады, деп атап өтті Қаражал қаласының әкімі. 2018 жылы қаржыландыру 1 млрд теңгеден асты. Мектепте биология, география, АӘД, технология және т.б. пәндерге 21 заманауи кабинет орнатылды.
    Балалар алдағы уақытта да ең жақсысын алатын болады, деп сендірді әкім. Биыл қауіпсіздік мақсатында барлық мектептер мен балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуда. Бірнеше мектеп жанындағы спорт алаңдарының құрылысына, мектептерді жөндеуге, жаңа жабдықтар сатып алуға қаржы бөлінді.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина