Қарағандыда
  • USD 379.36
  • EUR 424.47
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Емханаларда денсаулық сақтау басқармасымен тікелей байланыс орнататын терминалдар пайда болады

    «Сенім дүңгіршектері» облыстың алыс аудан тұрғындарына денсаулық сақтау басқармасына өтініш-тілектерімен немесе шағымдарымен шығуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен белгілі бір маманнан кеңес алуға болады.
    Тікелей байланыс терминалы немесе «сенім дүңгіршегі» - арнайы құрылғылармен, камерамен, динамикпен және штрих-код оқуға арналған сканермен жабдықталған арнайы қондырғы.
    Емелушілер оларды сканерге жеке куәлігін қою арқылы пайдалана алады. Одан кейін камера қосылады да қоңырау автоматты түрде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығына және емделушілерді қолдау қызметіне түседі.
    Шағымдар мен өтініштерді тиісті медициналық мекемелерге бірден жібереді. Әкімшілік аз уақыт ішінде қандай шешім шығарылғаны туралы есеп беруге міндетті болады.
    - Алыс аудан тұрғындары белгілі бір маманнан кеңес алу үшін терминалдарды қолдана алады. Мысалы, Қарағандыда қабылдайтын кардиохирург кеңесіне жүгіне алады. Ол үшін емделуші тіркелген мекен жайы бойынша емдеуші дәрігеріне айтып, бейнеқоңырау жасау үшін белгілі бір күн мен уақытты белгілеуі тиіс. Сол уақытқа дейін Қарағандыдағы маманға емделушінің сараптама қорытындысы мен ауру тарихын жеберіледі, - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
    Алғашқы терминал басқармада орнатылған. Қалғандарын наурыз айының соңынан бастап орната бастайды. «Сенім дүңгіршіктері» облыстағы барлық емханаларда, емделушілерді қабылдайтын бөлмелерде және стационарларда орнатылады. Қондырғыларды толығымен орнату осы жылдың мамыр аяғына дейін жоспарланып отыр.
    Денсаулық сақтау басқармасында жаңа форматтағы еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамалар туралы мәлімдеді. Енді оларда QR-код болады және ол «DamuMed» қосымшасы арқылы оқылады. Мобильдік құрылғы экранында емделуші және еңбекке жарамсыздық туралы анықтама берген мекеме туралы ақпарат шығады. Ержан Нұрлыбаевтің сөзінше, жеке мәліметтер мен диагноздың жариялылығы туралы уайымдамауға да болады. Бұл – ақпарат қосымшада кодпен қорғалған.

    Анықтамалардағы барлық QR-кодтар бірегей болады. Оларды тек емделуші туралы барлық ақпаратты жүйеге енгізгеннен кейін ғана құруға болады. Сол себепті, бланкқа дәрігердің көмегіне немесе емделуге келмеген адамның аты-жөнін жазу мүмкін болмайды.

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина