Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандыда Наурыз тойлана бастады

    Қарағандыда Наурыз тойлау басталды. 15 наурыз бейнелеу өнері мұражайында оқушылар үшін музейлік сабақ өткізіліп, көрме ашылды. Ал, өлкетану-тарихи музейінде «Атадан қалған ұлы мұра» этнографиялық жобасы ұсынылды.
    БӨ музейінде өткен сабақта оқушыларға көне дәстүр «Ашамайға отырғызу» туралы айтылды.
    - Бұл әдет-ғұрып болашақ жігітке арналған. «Ашамайға отырғызу» - ұл баланы алғаш рет атқа мінгізу, - деп түсіндірді музей директорының орынбасары Александр Гехт.
    Импровизациялық әдет-ғұрыпты символдық тұлпар макеті мен бала ер-тоқымын қолдану арқылы көрсетті. Оқушылар музей қорының 70-тен астам қолданбалы қолөнер заттары қойылған экспозицияны тамашалады. Бұл – асханалық құралдар, музыкалық аспаптар, зергерлік бұйымдар, текемет, сырмақ және ат әбзелдері. Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлттық ойындарымен танысты. Облыстық БӨ музейіндегі көрме 25 наурызға дейін жалғасады.
    Сонымен қатар Қарағанды облыстық өлкетану-тарихи музейі Наурыз мейрамына «Атадан қалған ұлы мұра» жобасын арнады.
    - Бұл жобада біз Наурыздың бастауы туралы айтамыз. Салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен таныстырамыз. Киіз үйде шашу, аластау, бесікке салу және сәукеле кигізу дәстүрлерін көрсетеміз. Жобаға қатысушы студенттер наурыз көже қалай дайындалатынын көрсетіп, барлық қонақтарға ауыз тигізді. «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны туралы айттық, - дейді экскурсиялық-бұқаралық бөлім меңгерушісі Зәурешг Тебаева.
    «Атадан қалған мұра» этнографиялық жобасы мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды.
    Ол қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тілін, ұлттық ойындарын және халық шығармашылығын насихаттап, дамытуға бағытталған.
    Қарағандының орталық саябақта өтетін үлкен халықтық тойлауға музей қызметкерлері бірнеше қызықты бағдарлама әзірлеуде.
    - Биыл біз киіз үйлерде дәстүрлі қолөнерімізді көрсетеміз. Атап айтар болсақ – тоқыма, былғары, киіз өнімдері. Әр қолөнерге сай экспонат қойылады. Біздің тағы бір киіз үйіміз «Ұлы даланың жеті қырына» арналған.
    Наурыз мейрамында Қарағанды облысында 300 әртүрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған: қайырымдылық акциялары, көрмелер, байқаулар, викториналар, концерттер, театрландырылған көріністер мен шерулер. Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өтеді.
    Қалалар мен аудандарда 300-ден астам киіз үйлер орнатылады. Басты шаралар орталық мәдени және демалыс саябағында ұйымдастырылады. Тойлау 22 наурыз жағалауда сағат 12.00-де «Қош келдің, Әз Наурыз!» театрландырылған қойылымымен басталады.
    Облыс биыл тек халықтық тойлаумен, концерттермен ғана Наурыз мейрамын атап өтпейді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мерекеде қайырымдылық көмек алады. Ал бірнеше қала тұрғыны қоныс тойын тойлайды.


     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина