Қарағандыда
  • USD 379.36
  • EUR 428.94
  • RUB 5.93
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Теміртау мұражайында XIX ғасырдың басындағы қолжазба кітаптар ұсынылды

    Теміртау қаласының өлкетану мұражайында "61 градус по Фаренгейту" атты көрмеде көрермендер назарына сирек кітаптар ұсынылды. Олардың ішіндекөне қолжазба басылымдары, сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі насихаттау әдебиеті, «Москва» журналында 1966 жылы алғаш рет шыққан жарияланымдардан жинақталып автордың өзі басып шығарған «Мастер и Маргарита» романы және яналифтте жазылған 1930-шы жылдардағы жоғары математика оқулығы да бар.
    Көрме атауы кездейсоқ таңдалмаған. Мұражайдың аға ғылыми қызметкері Татьяна Хмелеваның айтуынша, Фаренгейт бойынша 61 градус немесе Цельсий бойынша 16 градус - бұл кітаптарды сақтау үшін оңтайлы температура. Сонымен қатар, бұл атау Рэй Бредберидің "Фаренгейт бойынша 451 градус" антиутопия-романының атауымен үндес болып келеді.
    Көрмеде келтірілген ең ескі жәдігер - XIX ғасырдың аяғы ХVIII ғасырдың соңында жазылған қолжазба діни кітабы. Онда Ислам салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын өткізу ережелері сипатталады.

    Тағы бір көне жәдігер – профессор Шлоссердің Санкт-Петербургте, ұлы Императордың Бас штабының баспаханасында шығарылған әскери-оқу орындары бойынша тарих оқулығы. Кітап 1858 жылы басылған.
    Көрмеде сонымен қатар тарихы терең кітаптар да бар. Мысалы, 1908 жылы оқытушы Николай Вульфтың қолжазбасы бойынша факсимиль әдісімен басылған тригонометрия оқулығы.
    - Николай Вульф - отставкадағы әскери, гусар. Кейін ол математикамен әуестеніп, Тамбов губерниясындағы мектепте сабақ бере бастады және бірнеше оқулық жазды. Өкінішке орай, бұл кітаптың Теміртауға қалай түскені белгісіз. Бізге оны осы күнге дейін қалай жеткені туралы сипаттамасыз сыйлады. Мүмкін, оны қоныс аударушылар немесе қуғын-сүргінге ұшыраған мұғалімдер әкелген шығар, - дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Татьяна Хмелева.
    Тағы бір айтарлықтай қызықты кітап – "Мастер и Маргарита" романының көшірмесі. Оны Теміртаудағы ақын Григорий Григориади түптеп жасаған. Ол бұл кітапты 1966 жылдан 1967 жылға дейін "Мәскеу" журналында алғаш рет жариялана бастаған тараулар бойынша жазып, жинақтап, соңыра Надежда Рушеваның суреттерімен безендірген.
    Экспозицияда қазақ тіліне бейімделген 1935 жылғы Жоғары математика оқулығы да көрсетілді.
    XIX ғасырдың басылымдарының бір бөлігін мұражай қызметкерлері мұражай қорының ескі сөрелеріне орналастырды. Ал Кеңес Одағында танымал романдарға қосарлап берілген үгіт-насихат және насихаттау басылымдарын олардың қажетсіздігін көрсете отырып, қағазға арналған үлкен себетке салып қойған.
    Экспозицияның дәл ортасында орындық пен ағаш макеті орнатылған арнайы фотозона құрастырылған.
    Көрме 26 сәуірге дейін жалғасады. Ересектерге арналған билеттің құны – 240 теңге, балалар билетінің құны – 80 теңге.

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина