Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Басым салаларды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына қалай қатысуға болады

    Басым салаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы Қазақстанда Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. Оның міндеті - "қарапайым заттар экономикасын" - халық тұтынатын тауарлар, шикізат пен алғашқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдау. Өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес секторды қолдауға арналған қаржыландыру көлемі 600 млрд.теңгені құрайды. Оның ішінде 400 млрд.теңгесі өңдеу өнеркәсібіне және қызметтерге, 100 млрд. теңгесі агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өңдеу және өндіру жобаларына бағытталды.
    Бағдарламаның негізгі қатысушылары – басым тауарлар тізбесінде айқындалған жобаларды іске асыратын шағын, орта және ірі кәсіпорындар. Бұл тізімге 365 атау енгізілген, оның ішінде ауыл шаруашылығы (49) және тағам (69) өнімдері; азық-түлік емес өнеркәсіптік тауарлар (247); қызметтер (9) бар.
    Бағдарламаға қатысу үшін осы тізімнен тауарлардың кемінде бір түрін шығаруды ретке келтіру жеткілікті. Халық тұтынатын тауарлар өндірісінде жеңіл және химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, жиһаз, электр тауарлары мен жабдықтар өндірісі басым.
    Қолдауды талап ететін қызметтер ретінде қызметтің келесі түрлері айқындалған: тағам өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру, студенттік жатақханаларды, білім беру ұйымдарының мекемелерін салу және қайта жаңарту, сондай-ақ туризм (Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс лагерлері, тау шаңғысы курорттары, кемпингтер және т.б.). Қарағанды облысында туризм саласын жеңілдікпен несиелеуге тек Балқаш курорттық аймағы үшін ғана көзделген, себебі бұл аймақ негізгі өсу нүктесі ретінде айқындалған және республикалық туристік картаның ТОП-10-на енгізілген.
    Несие беру мерзімі 7 жылға дейін мерзімді қоса алғанда пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен бизнес үшін несие берудің соңғы мөлшерлемесі өңдеу өнеркәсібінде 8%-ды және АӨК-де 5%-ды құрайды. Жаңа өндірісті ашуға немесе қолданыстағы өндірісті кеңейтуге несие беру сомасы (инвестициялық мақсаттар) қарыздың кемінде 70%-ын құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға 30%-дан артық берілмейді. Жекелеген жағдайларда қарызды мақұлдау үшін салалық министрліктің оң қорытындысы талап етіледі (ИИРМ, АШМ). Бұл – агро өнеркәсіп кешеніндегі өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында 10 млрд. теңгеден астам сомаға және 500 млн. теңгеден астам сомаға жобалар.
    Несиелендірудің нақты тәртібі анықталды. Өңдеуші өнеркәсіп жобасын іске асыратын бағдарламаның әлеуетті қатысушысы құжаттардың толық пакетімен ЕДБ-ға қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді. Қаржы-экономикалық тиімділігін бағалағаннан кейін оң шешім қабылданған жағдайда банк бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді. Содан кейін кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на (Қарағанды қ., Ермекова, 29) өтініш-сауалнамамен жүгінеді. Бағдарламаның қаржы операторы өз кезегінде банкке және Кәсіпкерге хаттамадан үзіндінің көшірмесін жібереді. Қор, ЕДБ және кәсіпкер арасында жасалған үш жақты субсидиялау шарты несие берудің құжаттамалық растамасы болып табылады.
    АӨК тәртібі осыған ұқсас. Айырмашылық тек банк жобаға несие беруге дайын болған жағдайда кәсіпкер субсидиялау шартын жасау туралы ұсыныспен «Даму» Қорына емес, жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
    Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыру мониторингі үшін өңірлік Жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармаларының, «Даму» Қоры мен кәсіпкерлер палатасының басшылары енді.
    Дайындық кезеңінде «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетті қатысушылары қатарынан облыс компанияларының тізімі анықталды. Бұл - тағам, жеңіл және жиһаз өнеркәсібінде мамандандырылған 2 800-ден астам кәсіпорын мен өндіріс.
    Қазіргі уақытта Бағдарламаға қатысуға өңірдің 35 компаниясы ниет білдіріп отыр. Жобалардың жалпы құны 13,6 млрд. теңгені құрайды. Екі жоба (2,1 млрд.теңге) банктер мен «Даму» Қоры тарапынан мақұлданды.
    Бағдарламаға 9 ЕДБ қосылды: «Халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «BankRBK» АҚ, «Нұрбанк»АҚ.

     

    Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы