Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды суретшілерінің туындыларын дәстүрлі көктемгі көрмеден көруге болады

    Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Суретшілер Одағының дәстүрлі көктемгі көрмесі ашылды. Биылғы жылы оған көптеген жас авторлар қатысады. Тағы бір ерекшелігі – биыл графика, оның ішінде суреттер саны әдеттегіден көп ұсынылуда. Көрмеге 40-тан астам суретшінің 87 жұмысы қойылды.
    - Мұнда мүлдем жаңа жұмыстар қойылған. Біз суретшілердің шығармашылығы қалай өзгереді, жаңа көңіл-күй пайда болатынын байқап отырмыз. Көктемгі, жарқын, көңілді көрме болды биыл. Бұл жолы суретшілер қатты тырысқан сыңайлы. Бұл жерде жас авторлардың көптеген жұмыстары қуантады. Әсіресе Олег Дроздовтың жұмыстарын, Сергей Щеголихиннің авторлық портреттерін ерекше атап өткім келеді. Суретші Қуат Асқаров "Сарыарқаның жеңісі" атты өз жұмысында бізге қуанышты бір хабар жеткізіп, өз суретін хоккейге деген сүйіспеншілікпен салғаны көрініп тұр. Алексей Шапошев бұл жолы бізді өзінің кәсіби графикасымен таң қалдырды – оның жұмысы Анатолий Билыкты еске алуға арналған, - дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі Бибігүл Құдабаева.
    «Естеліктер. А. Билыкке арнау» деп аталатын жұмыстары туралы суретшінің өзі айтып берді. Автордың айтуынша, көп уақыт дайындықтан өтіп, көптеген мұрағаттық фотосуреттерді тауып, қайта қарауға тура келген екен.
    - Менің бұл туындым Анатолий Билыкке арналған. Мен оның шахтерлердің әйелдеріне арналған мүсінінің ескі суретін көрдім. Оны қалалық саябаққа орнату жоспарланған, эскиз бекітілді, барлығы дайын болды. Бірақ мүсінші 2015 жылы қайтыс болғаннан кейін бұл жоспарлар сол бету қалып қойды. Мені осы ескі фотосурет қызықтырды, мен Қарағанды туралы сурет салдым. Бұл жерде билік туралы, ескерткіш, ГУЛАГ және арнайы қоныс аударушылар туралы, сондай-ақ біздің қаламыздың заманауи келбеті бейнеленген. Мен Қарағандының ескі суреттерін іздедім. Соларға қарап отырып, Мәңгілік алау, Станиславский театрын сала бастадым. Бұл суретте менің терезем бар, менің мысығым отыр, үстел, құлақаспап, компьютерім бейнеленген. Тіпті терезеден анық көрініс берілген, мен оны қалалық пәтерлердің бірінде суретке түсіріп алдым. Менің ойымша, егер сен реализмді бейнелеуге бел бусаң, неге нақты өмірді көрсетпеске? - дейді автор Алексей Шапошев.
    Көрмеде әр түрлі тақырыптағы жұмыстарды көруге болады. Бұл туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен әдет-ғұрыптары, шахтер еңбегі, спорт және т.б..
    - Жалпы, көрме ұзақ уақыттан кейін біздің жастарымыз тәжірибе, шеберлік, ең бастысы, шығармашылыққа деген талғамға ие бола отырып, күш-жігер жинайтынын көрсетті, - деп санайды Бибігүл Құдабаева.
    Суретшілер Одағының көктемгі көрмесі 21 сәуірге дейін жалғасады.