Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандының ЭкоМұражайында француз фотографының көрмесі өтеді

    Қарағандылықтарды француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің көрмесіне шақырады. Көрменің ашылуы 16 мамырда 16.00-де ЭкоМұражайда (Бұқар Жырау даңғылы, 47) өтеді.

    Эрик Ваззолер бір ай бойы жабық Семей полигонына жақын орнаасқан Саржал ауылында болып, ауыл жастарының күнделікті тұрмыс-тіршілігін бейнелеген. Экспозицияда осы сапарда жасалған 35 сурет көрсетіледі.
    Эрик Ваззолер – сыншылардың пікірінше, әлемнің ең үздік фотосуретшілерінің бірі. Ол әлеуметтік фотосуреттің шебері.
    Қазақстанда француз фотосуретшісі осыған дейін де көп мәрте болып қайтқан. Бірнеше жыл бұрын ол көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған интернаттың фотосуреттері бойынша мастер-класс өткізді. Өткен жылы Алматыдағы "Кеңес" оңалту орталығында Даун синдромы бар балаларды сурет салу негіздеріне үйретті.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина