Қарағандыда
  • USD 386.70
  • EUR 427.15
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылықтарды қан доноры болуға шақырады

    Қарағандылықтардықан тапсыруға шақыруда. Қайырымдылық ациясы Дүниежүзілік донор күніне орайластырылып отыр. Шара Қарағанды облыстық қан орталығында, Шахтерлер даңғылы, 81 мекенжайы бойынша, 14 маусымда сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін өтеді.
    Кәмелеттік жасқа жеткен кез келген адам донор бола алады. Және де қан тапсырушының салмағы 55 килограмнан артық болғаны маңызды. Бұл күні донорға майлы, қуырылған, өткір, ысталған және сүт өнімдерін жеуге болмайды. Сондай-ақ процедурадан бір сағат бұрын темекі шекпегені жөн. Қан тапсырғанға дейін үш тәулік бұрын донор аспирин мен анальгетик дәрмектерді қабылдамауы керек, екі тәулік ішінде ішімдік ішпеуі тиіс.
    ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық туралы Кодексіне сәйкес донор орташа жалақысын сақтай отырып, бір демалыс күнін және тегін тамақтануды, немесе оның ақшалай баламасын – 0,25 АЕК, бұл 631 теңге алуы тиіс.
    Дүниежүзілік донор күні 2005 жылдан бері 14 маусымда атап өтіледі. Бұл күні 1868 жылы адамның қан тобын ашқан және 1930 жылда Нобель сыйлығын алған австриялық дәрігер-иммунолог Карл Ландштейнер дүниеге келді.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина