Қарағандыда
  • USD 383.98
  • EUR 430.63
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының басшысы тағайындалды

    «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК директоры Мадина Аширова болды. Ол қала әкімі Нұрлан Әубакировтың өкімімен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша тағайындалды.
    Мадина Сафарбекқызы Ашированың екі жоғары білімі бар – заң және экономикалық. Еңбек қызметін 1990 жылы бөлшек кәсіпорындардың тауартанушы лауазымынан бастады. Бухгалтер болып жұмыс істеді, жеке кәсіпорындарда түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды. Қарағанды қалалық мәслихаттың III және IV шақырылымының депутаты болды. Тағайындауға дейін Қарағанды хайуанаттар бағының директоры болып жұмыс істеді.