Қарағандыда
  • USD 383.98
  • EUR 430.63
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    ҚарМТУ Қазақстанның үздік техникалық жоо-ның үштігіне кірді

    Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қазақстанның үздік техникалық жоо-ның үштігіне кірді. БСҚТА-2019 Ұлттық рейтинг қорытындылары бойынша ҚарМТУ «Ғаламтор кеңістігінде жоо ілгерілетуде жетекші» номинациясында 1-орын және Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҒИТУ мен Қазақстандық-Британ техникалық университетіне ғана жол беріп Қазақстанның ұздік техникалық жоо арасында 3-орын алды.

    Сондай-ақ, осы жылы ҚарМТУ халықаралық рейтингтерде жетекші позиция алды:

    1. QSWUR 751+, қазақстандық жоо арасында 9-орын

    2. UNIRANK - 2765 орын, қазақстандық жоо арасында 2-орын

    3. RANKPRO - 577 орын, қазақстандық жоо арасында 2-орын

    4. Webometrics – 5574 место, қазақстандық жоо арасында 6-орын

    5. ARES – ВВВ+ қазақстандық жоо арасында 15-орын

    6. UIGreenMetric – 482 орын, қазақстандық жоо арасында 5-орын

    Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің білім беру бағдарламалары БСҚТА-2019 Ұлттық рейтингте жүлделі орындар алды:

    1-орын – 25 білім беру бағдарламалары;

    2-орын – 9 білім беру бағдарламалары;

    3-орын – 7 білім беру бағдарламалары.

     

    ҚарМТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша