Қарағандыда
  • USD 383.98
  • EUR 430.63
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағандылық студент-дәрігерлер халықаралық мейкатоннан жеңіспен оралды

    Қарағанды қаласының дәрігер-студенттері "ТОМ: Bishkek"халықаралық мейкатонында бірінші орынға ие болды.

    Мейкатон Бішкекте 8-11 шілде аралығында Орталық Азияның Америка университетінде өтті. Ол FSDS (Fair & Sustainable Development Solutions) ұйымдастырған.
    Жарысқа Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстаннан 10 команда қатысты.

    Қарағанды студенттерінің жобасы үздік болды. "MedEngineering" командасына Қарағанды медицина университетінің студенттері мен IT-мамандар Павел Ивачев, Азамат Какенов, Мансур Бикбавлеев, Иван Ивачев және Роман Петрин кірді. Олар "аяқтың белсенді бионикалық экзоскелеті" жобасын ұсынды.
    - Кмейкатонға 2 апта дайындалдық. Қазіргі бар конструкциялар мен патенттерді зерттеді. Уақыт жетіспеуінен қиындықтар болды, өйткені көпі басқа өз жобаларымен айналысуда, екі қатысушыда осы кезеңде мемлекеттік емтиханда болды. Сонымен қатар біз тәжірибе жүргіздік, - деді команда мүшесі Павел Ивачев.
    Мейкатон ТОМ-бұл 72 сағаттық марафон, оның барысында өнертапқыштар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған құрылғыларды жасап шығарады.

    Мейкатонның мақсаты-мүгедектерге қоғамға бейімделуге және олардың толыққанды өмірін ұйымдастыруға бағытталған, пайдалануға ыңғайлы, дайындалған қарапайым және бағасы бойынша қолжетімді прототиптер жасау.