Қарағандыда
  • USD 386.34
  • EUR 427.25
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді

    11-12 шілде аралығында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен халықтың әрекеттері» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
    Командалық-штабтық оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою аудандық комиссиясы, эвакуациялық қабылдау комиссиясы, азаматтық қорғау қызметі және ұйымдар тартылды.
    Командалық-штабтық оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдарының іс- әрекеттерін машықтарын көрсету, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының төтенше жағдайлардын алдын алу және жою жүйесін әр түрлі функционалды режимдерде оқыту, әскери және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларға дайындықтарын күшейту мен көтеру.
    Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрды: қызметтер мен мекеме басшыларының, азаматтық қорғау құрамаларымен аудандық төтенше жағдайдын алдын алу және жою жүйесінің әр түрлі тәртіпте және Азаматтық қорғаныстың әр түрлі дайындық дәрежелерінде жұмыс істеуімен тәжірибелік іс-әрекеттері элементтерін өткізу, сондай-ақ әскери және бейбіт уақытындағы болуы мүмкін төтенше жағдайларды үлгілеу арқылы өткізу.
    Бейбітшілік кезеңінде қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға байланысты іс-әрекеттер. Аудандағы электрлі дабылдар мен дауыс зорайтқыштардың дайындығы тексерілді. Аудандық жедел әрекет ету құрама жасағы мен іздестіру және құтқару командалары қаралды. Басқару органдарының, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары бейбіттен соғыс жағдайына ауысқан кездегі іс-әрекеттерді пысықталды.
    КШОЖ шеңберінде өртті сөндіру және ЖКО кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, эпизоотия ошағы (құс тұмауы) пайда болған кезде, бөгеттің жарылу салдарын жою, табиғи өрт туындаған кезде, адамдар көп жиналатын объектіде өртті сөндіру, құбыржолда жылу желілерін бұзу кезінде, суда құтқару кезінде іс-қимылдарды пысықтап, арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
    Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында жер сілкінісінің салдарын жоюға арналған қабылдау эвакуациялық пунктінің дайындығы қаралды. Оқу-жаттығу өту барысында азаматтық қорғау қызметтері басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің ТЖ режиміндегі іс-шараларды орындау және Азаматтық қорғаныстың бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру бойынша баяндамалары тындалды.
    Екі күндік командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша ауданның барлық азаматтық қорғау қызметтері бағаланды.

    Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина