Қарағандыда
  • USD 386.34
  • EUR 427.25
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысында жылу маусымының қорытындысы бойынша 250 млн. теңгеден астам сомма тұтынушыларға қайтарылады

    Қарағанды облысында қызмет көрсетушілер өткен жылыту маусымында тұтынушылар артық төлеген ақшаны қайтаруға тиіс.

    Монополияға қарсы ведомствода сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2018-2019 жылғы жылыту маусымының қайта есептеу сомасы қосымша құн салығын есептегенде 251 492,53 мың теңгені құраған.

    Есептеулер бойынша халыққа қызмет көрсетушілер қанша қаажат қайтарулары тиіс (ҚҚС есептегенде):

    «СПТВС» ЖШС - 10938,08 мың теңге;
    «Сужылу Транс» КММ- 4248,77 мың теңге;
    «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС - 76932,1 мың теңге;
    «Окжетпес-Т» ЖШС - 144503,19 мың теңге;
    «Предприятие тепловодоснабжения» АҚ - 8467,89 мың теңге;
    «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС - 6402,50 мың теңге.

     

    Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты бойынша


     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина