Қарағандыда
  • USD 386.34
  • EUR 427.25
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қазақмыс корпорациясының кәсіпорындарында қызметкерлердің жалақысы арттырылды

    «Қазақмыс Холдинг» компаниясының басшылығы шілде айының басынан бастап осы жылы екінші рет барлық қызметкердің жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады.
    Компанияның жалпы еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы шамамен 10 пайызды құрайды, бұл ретте кәсіптер бойынша жалақының өсуі сараланған және ағымдағы төлем деңгейіне байланысты болады.
    Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақмыс корпорациясының қызметкерлері жоғары жалақы алады, оның өсуі Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты болды.
    «Қазақмыс Холдингі» - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып табылады. Компания құрамында он екі кен орындары, алты байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар.
    Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны 38 671 адамды құрайды.


    «Қазақмыс Холдинг» ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.

     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина