Қарағандыда
  • USD 389.34
  • EUR 428.78
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысында экономиканың өсуі байқалуда

    Қарағанды облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер өсті. Бұл туралы әкімдіктегі аппараттық жиналыс барысында Экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әбішева мәлім етті.
    Биыл өңірде өнеркәсіп өнімі 0,7 пайызға артты. Жалпы сома 1 трлн. теңгені құрады. 472,8 млрд. теңге. Тау-кен өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 10.7 пайызға өсті. Себебі, аймақта металл кендері мен түсті металл кендері көп өндіріле бастады.
    Оң динамика түсті металлургияда, фармацевтикада, тамақ өнімдерін өндіруде және басқа салаларда тіркелген.
    - Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 118,3 млрд.теңгеге, өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,9% өсіммен қамтамасыз етілді. Өсім барлық аудандарда күтілуде, - деді Гүлмира Әбішева.
    Осы жылдың соңына қарай облыста жылқы, ірі қара, ешкі және үй құстары көбейеді. Болжам бойынша ет өндірісі 67 мың тоннаға, сүт - 291,8 мың тоннаға, жұмыртқа - 431,1 млн.данаға артады.
    Биыл егіс алқабы 0,7%-ға артты. Бұл бидай, арпа, майлы дақылдар, картоп және басқа да көкөністерді жинауға мүмкіндік береді.
    Облыста экономикалық өсім құрылыс саласында да байқалады. Биыл 207,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға артық.
    Облыстың барлық аудандарында бөлшек саудада оң динамика байқалады. Мәселен, саланың нақты көлем индексі жыл басынан бері 13,8%-ға өсіп, 1 148,4 млрд. теңгені құраған.
    Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді.