Қарағандыда
  • USD 384.63
  • EUR 427.98
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Жезқазғандық дәрігерлерді оңтүстік корейлік Ёнсе университетінің арнайы бағдарламасы бойынша оқытатын болады

    Жезқазған дәрігерлері Ёнсе университетінің арнайы бағдарламасы бойынша оқудан өтеді. Оларды «Северанс» жетекші кәріс клиникаларының бірінің мамандары оқытатын болады.
    Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Ёнсе Оңтүстік Корея университетінің «Северанс» госпиталі және «Severance-KZ халықаралық медициналық қоры» қоғамдық қорының басшылары қол қойған меморандумның арқасында мүмкін болды.
    Оңтүстік кореялық мамандар Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлеріне ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік және консультациялық көмек көрсетеді. Келісім сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді және Ёнсе университетінің арнайы әзірленген бағдарламасы негізінде біздің медиктерді оқытуды көздейді.
    Қазір шетелдік мамандар жезқазғандық «ЛУЧ» және «АураМед» оңалту орталықтарының қызметкерлеріне шеберлік сабақтарын өткізуде. Олар әр түрлі массаж техникасын көрсетіп, терапияның инновациялық әдістері туралы айтады.

    Ёнсе – Сеул, Кореяда орналасқан жеке зерттеу университеті. Sky үш университетінің бірі болып табылады (Сеул ұлттық университеті, Корё, Ёнсе). Ёнсе университеті 1885 жылы Че-Донда құрылған, ал 1962 жылы Синчхонға көшірілген. Оңтүстік Кореядағы ең ескі университет.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина