Қарағандыда
  • USD 384.63
  • EUR 427.98
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    «Архив-2025» - тарихтың жаңа белестері

    «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясындағы жеті жылдық бағдарлама «Архив -2025» мемлекеттік архивтерді дамытудың, тарихтың жаңа белестерін ашатын оң жол. Мақаланың басты мақсаты мұрағат жұмысының дамуын; құжаттарды басқаруды және құжаттандыруды; мемлекеттік архивтердесақталған және ведомстволық сақтауда тұрған Ұлттық архив қорындағы (ҰАҚ) құжаттардың қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауда; отандық және шетелдік архивтерден, музейлерден, кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша жаңа құжаттық көздермен ҰАҚ-ты толықтыруды, оларды ғылымға енгізуді; цифралық дәуірдегі жағдайда ақпараттық-интеллектуалдық ресурстардың қолжетімділігін және ашықтығынқамтамасыз етуде; халықаралық қарым-қатынасты кеңейтуді реттейтін бағдарлама.
    Бүгінгі күні, бағдарламаның жариялануы - тарихшыларға, өлкетанушыларға, архив қызметкерлеріне отандық тарих ғылымын әрі қарай дамытуда, туған еліміздің тарихи кездерін шет елдердің архивтерінен іздестіруге, тарихтын ашылмаған сырларын жарыққа шығаруға, тарихты толықтыруға мүмкіндігін береді.
    Ата-бабаларымыздың өмірі мен олардың көптеген деректі құжаттары, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтуде. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесінде елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» бағдарламаның маңызы зор.
    «Бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерінен тек жинақтап қана қоймай барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру керек. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан, мектептер мен барлық өңірдегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойына өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады»,- дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
    Бүгінгі күні, Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің алдында үлкен жұмыстар жоспарланып, Қарағанды облысының тарихы жөніндегі құжаттарды шетелдердің архивтерінен анықтауға мүмкіндік туып отыр. Туған жердің тарихы туралы құжаттар тек алыс шетелдердің архивтерінде ғана емес, сонымен қатар жақын шегаралас, Мәскеу, Новосибирск, Омбы, Орынбор қалаларындағы мемлекеттік архивтерде көптеген дүниелер сақталуда. Мысалы, Ресейдің мемлекеттік әскери-тарихи архивінде Қаратау тауларында тас көмір кенінің ашылуы (1863ж) туралы деректер, уездердің шекаралары (1852ж), Беларусь Республикасының мемлекеттік архивінде қаза тапқан және осы республика аумағында жерленген қазақстандық жауынгерлер туралы деректер және туған жерге байланысты тағыда басқа құжаттар сақталған.
    «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талқылауда, Қарағанды облысы мемлекеттік архивінде Е.А.Букетов атындағы КарМУ, КарМТУ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдарымен жақсы мағыналы кездесу өтіп, алдарымызға зерттеу жұмыстарын жүргізуге өзекті мақсаттар қойылды. Сол бағытта, Қарағанды облысы мемлекеттік архиві, облыстық өлкетану музейі және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен меморандумға, Ч.Ч.Валиханов атындағы тарих және этнология институтымен келісім шартқа қол қойылды. Бұл келісім, ғалымдар мен архив қызметкерлері шет елдердегі архивтерден Қазақстан тарихын зерттеп, ғылыми жүйеге келтіру туралы жұмыстар белгілеп, ақпараттармен алмасу және Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын жаңа құжаттармен толықтыруда мақсаттар көздейді.
    Шетелдегі архивтермен қатар, туған жердің тарихын растайтын құнды құжаттар өз жерімізде де бар. Қазақ елінің тарих пен мәдениетінің ұлы тұлғаларының атын халық жадында сақтау үшін іс-шаралар өткізілуде. Қазақ халқының ұлы тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы ақпаратты толықтыру және оларды әлемдік ғылыми айналымға енгізу үшін жан-жақты кешенді зерттеулер жүргізілуде. Мақтан тұтатын, Сарыарқа жерінің тарихында қалған ұлы тұлғалар көп. Биылдың өзінде, 331 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды. Олар, Ұлы Отан соғысының ардагері Камали Кенжетаевтың; Ауған соғысының ардагерлері Кайрат Абишев, Шапағат Жолмаханов, Акжол Кабдуев, Сергали Токтабеков, ағайынды Галым мен Гали Жакуповтардың; еңбек ардагерлері- құрметті шахтерлар Ким Владимир Ын-Мунович, Султангельдеев Ирназар Калиевич, Толеубаев Ельтай Толеубаевичтың; ең алғашқы музыкалық училищеның директоры Нурбаев Кобыланды Галиевичтың; Қарқаралы ауданының Құрметті азаматтары Адекенов Мынжасар Адекенович және Қуанышев Шалабайдың жеке архив қорларының құжаттары.
    «Архив-2025» бағдарламасының мемлекеттік архивтердің дамытудың тағы бір маңызды бағыты – архив құжаттарын цифрландыру. Қарағанды облысының мемлекеттік архивінде 2013 жылдан бері «Электрондық архив» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіліп келіп, бүгінгі таңда 45000 аса құжаттар электронды форматқа көшірілді. Архивтердің біріңғай ақпараттық кеңестігін қалыптастыру бағытында – қағаздағы да, аудио-бейне тасымалдағы да – әр түрлі сақталу бірлігін цифрландыру арқылы біріңғай деректер базасы құрылды. Құжаттарды цифрлы форматқа конвертациялау жолы арқылы жаппай жұртшылыққа қолжетімді болу үшін, әлі де алдымызда көп жоспарлар тұр. Тарихи құжаттарды электрондық форматқа көшіру - еліміздің өткен тарихы туралы ақпаратты зерттеуде көптеген зерттеушілердің жұмысын жеңілдетеді.
    Архив аса ауқымды ақпараттар ресурсына бай мемлекеттік мекеме болғандықтан, басты әлеуметтік мәні зор және маңызды қызметінің бағыты – құжаттарды пайдалану болып саналады. Сондықтан тарихта қалған ұлы даланың ұлы есімдерін, олардың ерліктерін, еңбектерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін жастарға үлгі етіп, патриоттық және рухтық тәрбие беру мақсатында жұмыс жүргізілуде. «Архив құжаттарындағы Орталық Қазақстан» атты оқу курс бойынша тарихи өлкетану сабақтарын дәстүрге айналып, бірнеше жылдан бері Қарағанды қаласының мектеп оқушылары, колледждер мен университеттің студенттері үшін 100-ден астам өлкетану сабағы өткізілді. Архивтегі тарих сабағын өткізу студенттер мен оқушыларға тартымды болып, жастарды тарих сабағына, ғылыми-зерттеушілік жұмысқа ынта-ықыласын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыратындығы сөзсіз.
    Облыстық архив жыл сайын республикалық ғылыми-теориялық конференциялар өткізеді. Биылғы 2019 жыл – жастар жылы болып жарияланғаны бәрімізге мәлім, сондықтан конференцияның тақырыбы да жастарға арналған «Жастардың рөлі: тарихи құндылық, қазіргі заман және перспективалары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
    Айта кеткен жөн болар, латын әріпіне көшу-заман талабы, ал архив үшін бұл ерекше. Себебі біздің архив қорында өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан сақталған төте латын әріпімен жазылған құнды құжаттар өте көп. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап, архив қызметкерлері үшін Тілдер ресурс орталығының қызметкерлері дәстүрлі түрде айына бір рет латын әріпін үйрету сабақтарын өткізіп тұрады. Бүгінгі күні архив құжаттарын оқып, зерттеп, тарихтың әлі оқылмаған сырларын жарыққа шығарып, құнды құжаттарды қолдануға мүмкіншілік туып отыр.
    «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың «Архив-2025» тармағы тарихтың жаңа белестері, Қазақстандағы мемлекеттік архивтердің жұмысына жаңа леп беріп отырғаны сөзсіз. Жаңа тарихи құжаттарды анықтап, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтырады.


     Жаңагүл ТҰРСЫНОВА,
    Қарағанды облысының мемлекеттік
    архивінің басшысы.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина