Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    ЖХЛ басшылары қарағандылық шахтаның кенжарына түсті

    Жоғары Хоккей Лигасы басшылығының делегациясы Қарағандыда болып қайтты. Спорт қайраткерлерін мұнда тек кәсіби қызығушылық қана білдіріп қойған жоқ. Кеншілер қаласында оларға жер астына экскурсия ұйымдастырылды.
    Оныншы мерейтойлық маусымды өткен жылғы чемпион – қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы түмендік «Рубинмен» матчпен ашты. Қарағанды облысына ЖХЛ басқарушы директоры Кирилл Пафифов, оның орынбасары Павел Макаров, ЖХЛ бас төрешісі Михаил Карпушин, Ресей хоккей федерациясы Атқарушы Директорының орынбасары Александр Кикнадзе және еңбек сіңірген ардагер Игорь Тузик келді.
    Қонақтар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің И. А. Костенко атындағы шахтада болды. Олар кеншілермен танысып, жер астына 600 метр тереңдікте орналасқан кенжарға түсті.
    - 45 жыл құрама командалармен жұмыс істедім және бірнеше рет бұрынғы кеңестік республикаларға бардым. Алайда қазақстандық шахтада алғаш рет болуым. Мен мұздағы және кенжардағы еңбек арасындағы айырмашылықты көріп, сездім. Шахтерлер еңбегін бағалау және қолдау қажет, - деп атап өтті Ресей хоккей федерациясы құрама командаларының бас кеңесшісі Игорь Тузик.
    Кирилл Пафифовтың айтуынша, бұған дейін ол шахтерлермен жақын кездеспеген екен және олардың жұмысы туралы тек естіп білген. Ол ұйымдастырушыларға қызықты экскурсия үшін алғысын білдірді.
    «Сарыарқа» ХК ақпараты бойынша
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина