Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды автовокзалы ел ішіндегі сапарлардың бағасын төмендетті және жаңа бағытты іске қосты

    Қарағанды автовокзалының жұмысында өзгерістер енгізілді. Жолаушылар үшін жағымды жаңалық – ел ішіндегі кейбір маршруттарға билеттер арзандады.
    Енді Нұр-Сұлтанға автобуспен 1200 теңге, Балқашқа 2800 теңгеге жетуге болады. Алматыда немесе Шымкентке сапар 5 570 теңге тұрады. Өскеменге дейін билет 7000 теңге, Семей - 4 400 теңге, Павлодар – 3000 теңгені құрайды.
    Сонымен қатар «Қарағанды-Талдықорған» жаңа рейсі ашылды. 13 қыркүйектен бастап бұл бағытқа автобус күн сайын жүретін болады. Жөнелту уақыты: 23.00. Билет құны 8 500 теңге тұрады.
    Бұған қоса «Қарағанды – Петропавл» бағыты қайта жанданды. Автобус аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүреді. Жөнелту уақыты: 15.40, Теміртау арқылы. Билет құны – 6 000 теңге.
    Барлық маршруттарға билеттерді алдын ала сатып алуға болады. Ондай сатылымдар 30 күн бұрын басталады.
    Билеттерді онлайн брондау және сатып алу тәулік бойы Интернет, интернет банкинг, qiwi, касса24 терминалдары арқылы банктік картамен жүзеге асырылады.
    Автовокзал кассасы мен терминалдар сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина