Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Жезқазғанда мемлекеттік қызметкерлер үшін тестілеу залы ашылды

    Жезқазғанда мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу залы жабдықталды. Енді оларға сынақтан өту үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ.


    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Айгүл Байханова бұл маңызды және уақтылы қадам екенін атап өтті.
    - Жезқазған аймағындағы елді мекендерден облыс орталығына дейінгі қашықтық 200-ден 700 шақырымды құрайды. Ал ниет білдірушілер аз емес. 2018 жылы тестілеуге осы өңірден 781 адам қатысты. Осы жылдың өткен айларында - 693 адам. Тестілеу залының ашылуы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіру мүмкіндігін арттырады және кеңейтеді. Сонымен қатар, кандидаттарды іріктеу сапасы мен мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттырады, - деді Айгүл Байханова.
    Жұмыс сапары аясында ол Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік кіріс басқармаларына барды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен танысты. Айгүл Байханова мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады.
    Әр өтініш бойынша түсініктеме берілді. Тиісті атқарушы органдар өтініш берушілердің мәселелерін шешу жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина