Қарағандыда
  • USD 385.01
  • EUR 425.78
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесін құрады

    Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы «Өнеркәсіп» мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

    Палата директоры Ернар Күлпейісовтың айтуынша, кәсіпорындардан жиналған статистикалық мәліметтер мен басқа да ақпараттар талданатын болады. Алдағы уақытта бұл билікке бизнес үшін маңызды шешімдер қабылдауға көмектеседі. Облыстың әрбір ауданында бизнес ашу жөнінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады.
    Жаңа ақпараттық-талдау жүйесін құру туралы Ернар Күлпеисов отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру жөніндегі семинарда айтып берді.
    - Жоба мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне, өндірістердің жүктелуіне мониторинг жүргізуге арналған. Ол кооперация және өнімді өткізуді кеңейту мақсатында кәсіпорындар үшін контрагенттерді іздеуге көмектеседі. Бірінші кезеңде елдің 2 000-нан астам өңдеуші кәсіпорындарын қамту жоспарланып отыр, оның 354-і Қарағанды облысында. Олардың ішінде құрылыс индустриясы, машина жасау, химия, фармацевтика, тамақ, жеңіл өнеркәсіп бар. Осы жоба аясында сондай-ақ жақын арадағы мемлекеттердің, бірақ әзірге тек Ресей Федерациясының Мемлекеттік сатып алу электрондық жүйелеріне бизнесмендердің қол жеткізуін ұйымдастыру жоспарлануда, - дейді Ернар Күлпеисов.
    Ақпараттық жүйенің жұмысымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://atameken.kz/ru/services/52-informacionnaya-sistema-promyshlennost.
    Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын жетілдіру мақсатында өнеркәсіп кәсіпорындарын «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесін құруға белсенді қатысуға шақырады. Сұрақтар туындаған жағдайда, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Ермеков көшесі, 29, 3 қабат, 316 кабинет. Анықтама телефондары: 8 (7212) 506416, 506411, e.mahmutov@atameken.kz , b.umertayev@atameken.kz.

    Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
     

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина