Қарағандыда
  • USD 377.09
  • EUR 407.37
  • RUB 5.93
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында күрделі жөндеуден кейін автовокзал ашылды


    Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындарын көптен күткен оқиға қуантты. Аудан орталығында жөні дұрыс автовокзал болмаған. Билік бұл мәселені мемлекеттік-жеке серіктестік арқасында шешті.
    Ғимаратты қайта жаңартуға 10 млн теңге жұмсалды. Жергілікті бюджеттен 7 млн теңге бөлінді. Ал кәсіпкер Қуаныш Хамитұлы 3 млн. теңге қаражатын салды.
    Ауыл тұрғындары жолаушылар үшін жасалған жайлылық пен ыңғайлылық үшін алғыстарын айтуда. Жаңартылған автовокзалда билет кассалары мен күту залынан басқа асхана, ана мен бала бөлмесі бар. Үй-жай қазіргі заманғы стандарттар бойынша жабдықталған.
    Жөндеу кезінде отандық құрылыс материалдары пайдаланылды.
    Аудан әкімі Марат Жандәулетов кәсіпкерлерге инфрақұрылымды жақсартуға үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.
    Ақсу-Аюлыдан тек облыс орталығына ғана емес, басқа ауылдар мен Балқаш қаласына жүретін маршруттар жұмыс істейді. Аудан басшысының айтуынша, бұл аймақта көлік қатынасы әлі де дамитын болады.