Қарағандыда
  • USD 383.95
  • EUR 429.26
  • RUB 6.16
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысында ХІІ Президенттік олимпиада өтуде

    Қарағанды облысына жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жыл сайынғы Республикалық Президенттік олимпиаданың финалистері жиналды. Оқушылардың зияткерлік жарысы 12-ші рет өткізілуде. Қорытынды кезең дәстүрге сай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еңбек отаны Теміртау қаласында өтеді.
    10 жыл қатарынан математика мен жаратылыстану ғылымдарының үздік білгірлері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің базасында жарысады. ХІІ Президенттік олимпиада 12 қарашада бастау алды. Осы жылы финалға еліміздің барлық өңірлерінен 11 сыныптың 173 оқушысы шықты.
    Әр қатысушы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология. Олимпиада нәтижелері 15 қарашада белгілі болады.
    Биылғы жылы олимпиаданың барлық турлары онлайн-режимде көрсетіледі. «Дарын» РҒТО және ҚМИУ аккаунттарында бейнетрансляцияға сілтемелер берілген (daryn.kz, kgiu.kz).
    Қазылар алқасы құрамына алдыңғы Халықаралық және Президенттік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері кірді.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталады. Барлық финалистер қатысушы сертификаттарын алады.
    Президенттік олимпиаданы ҚР БҒМ ұйымдастырады. Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтау және оларға кәсіби бағдар беру.
    Естеріңізге сала кетейік, Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңмен өткізіледі. Алдымен іріктеу өңірлік деңгейде өтеді. Екінші турға қашықтықтан қатысуға болады , оның барысында оқушылар Республиканың барлық аймақтарында тапсырмаларды бір уақытта орындайды. Үшінші (қорытынды) кезең – республикалық.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина