Қарағандыда
  • USD 383.95
  • EUR 429.26
  • RUB 6.16
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Жеңіс Қасымбек Жаңаарқа ауданына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті


    Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары барысында суағар резервуарында болып, газ құбырын қосу жұмыстары қалай жүріп жатқандығымен танысты. Өңір басшысы жергілікті аурухана мен №5 қазандықты аралап көрді. Сондай-ақ облыс әкімі «Жанболат»шаруа қожалығында болды және аудан тұрғындарымен кездесті.

    Жаңаарқа ауданында аграрлық сектор көп дамыған. Мұнда 700-ден астам фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Олардың бірінде Жеңіс Қасымбек болып қайтты. «Жанболат» шаруа қожалығы 2001 жылы құрылған. Директоры Малдыбай Сүлейменов. Оның кәсіпорны әулиекөл және герефорд асыл тұқымды сиырларын өсіреді. Сондай-ақ астық өсірумен айналысады. Қожалықтың сонымен қатар мал сою пункті мен шұжық цехы бар.
    Фермерлер облыс әкіміне өзінің басты мәселесі – субсидияның қажеттілігі туралы сөз қозғад. .
    - Жыл сайын мал санын көбейтеміз. Іс жақсы жүріп жатыр. Қазір көптеген жастар осы іспен айналыса бастады. Бір ғана мәселе бар - субсидия төлеу. Бізге көмектесуіңізді сұраймыз, - дейді фермерлердің бірі Қуат Ахметов.
    Жақын арада облыстық бюджет есебінен бұл мәселені шешуді бастаймыз. Шаруа және фермер қожалықтарын қолдауға қаражат бөлу жоспарлануда.
    Әкіммен кездесуде ақсақалдар ауданның ең маңызды мәселелері туралы әңгімеледі. Оның негізгісі – электр энергиясымен, газбен және сумен қамтамасыз ету мәселелері болды.
    - Сіз көтерген барлық сұрақтар өте өзекті. Мен бірнеше нысандарды аралап, қалай жұмыс істеп жатқанын көрдім. Электр энергиясы мәселесін шешу үшін аудан әкімдігі қажетті құжаттарды дайындап, жеткізушімен мәселені шешетін болады. Содан кейін біз қажетті қаражатты бөліп, осы мәселені шешеміз. Сумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлетін боламыз. Ал газ аудан орталығына 2021 жылға қарай келеді. Алдағы жылдары сіздің проблемаңызды шешетін боламыз, - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.
    Жаңаарқа ауданында 12 ауылдық округ және 2 кент ба. Онда 40 000-ға жуық адам тұрады.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина