Қарағандыда
  • USD 383.95
  • EUR 429.26
  • RUB 6.16
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Абайда көп балалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Абай қаласында патриоттық форум өтті. Шараға қоғам өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. Мереке көптен күткен пәтерлердің кілттерін Мәдениет үйінің сахнасында алған көп балалы отбасылар үшін ерекше болды.
    - 1 желтоқсан – тарихи маңызы бар мереке. 1991 жылы осы күні Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті. Қазақстандықтар ұлттық және саяси еркіндік жолын таңдай отырып, ерік-жігерлерін көрсетті, - деді аудан әкімі Бауыржан Асанов.
    Форумда осы жылдың алдын ала қорытындылары шығарылды. Аудан басшысы жастарды құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
    Тұңғыш Президент күнін мерекелеу көп балалы отбасыларға қуаныш сыйлады. Ауданда баспана алуға кезекте тұрғандардың осы санаты үшін 18 пәтер бөлінді. Қоныстанушыларға пәтерлердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.
    «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй екінші нарықтан сатып алынды.
    Бауыржан Асанов қоныс тойын тойлап жатқан Османовтар отбасына барып қайтты. Бес баланың анасы Тамара Ивановна осындай сыйлық үшін алғысын білдірді. Кең пәтерде әр баланың өз кеңістігі пайда болды, деп қуануда ол.
    Тұңғыш Президент күнін абайлықтар концерттермен, зияткерлік байқаулармен және спорттық жарыстармен атап өтеді.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина