Қарағандыда
  • USD 383.95
  • EUR 429.26
  • RUB 6.16
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    «Бәрімізге ортақ аумақ»: Қарағандыда ерекше балалардың шығармашылығын көрсетті

    Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Бәрімізге ортақ аумақ» шығармашылық фестивалі өтті. Аталмыш шарада мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы ерекше балалар өз өнерлерін көрсетті.
    Фестиваль қатысушылары №102 мектеп-гимназиясында жиналды. Іс-шараны Қалалық білім бөлімі «Жаңа заман» ЖМ бірлесіп ұйымдастырды.
    - Бұл фестиваль толеранттылық декадасы аясында жыл сайын өткізілетін шара. Оның мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау болып табылады. Біз ерекше балаларға шығармашылық әлеуетін іске асыруда көмектесіп, айналадағы адамдарға олардың қабілеттерін көрсеткіміз келеді, - дейді «Жаңа заман» ЖМ директоры Гүлнар Жақсыбаева. - Қатысушылар көп. Тек жас суретшілер мен фотографтардан 300-ден астам жұмыс келіп түсті.
    Ұйымдастырушылар атап өткендей, Қарағандыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін волонтерлік орталық құру жобасы жүзеге асырылуда.
    Комиссия алты номинация бойынша үздік жұмыстарды таңдады: суреттер, фотосуреттер, вокал, хореография, көркем сөз және аспаптық орындау. Олардың әрқайсысы бойынша үш жас тобында жеңімпаздар анықталды.
    - Мұндай фестивальдар қажет. Олар біздің балаларымыздың таланттарын ашады. Бұл қарым-қатынас үшін жақсы алаң, өзін көрсету және жаңа достарды табу мүмкіндігі пайда болады, - деп санайды қатысушы Әсел Олжабаева.
    Оның қызы №54 мектепте оқиды. Қыз бала топ құрамында «Жақсы көңіл-күй» биін ұсынды.
    - Менің немерем фестивальге бұған дейін де қатысқан. Өткен жылы мәнерлеп оқу сайысында бірінші орын алды. Бұл жолы өзін басқа номинацияда сынап көруді шешті. Биыл ол қазылар алқасының назарына өз суреттерін ұсынды, - дейді Әлмира Сәдуақасованың әжесі.
    Фестиваль жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
     

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина