Қарағандыда
  • USD 377.86
  • EUR 418.74
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Мәжіліс депутаттары Global Сity көтерме-тарату орталығында болды

    ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында салынып жатқан Global Сity көтерме-тарату орталығында болды. Мәжілісмендерге орталық жұмысының мүмкіндіктері мен болашағы туралы айтылды.
    Көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір қоймалар, кросс-доктар дайын және сауда павильондарындағы жұмыстар аяқталады.
    - Біздің кросс-доктарымызда 164 фуралардан сауда жасауға болады, ол үшін қажетті барлық нәрсе бар. Қоймалар жемістер мен көкөністерді, сондай-ақ ет, балық және сүт өнімдерін арнайы бокстарда сақтауға мүмкіндік береді, олардың температурасы -24 градусқа дейін төмендейді, - дейді «Global Сity» ЖШС коммерциялық директоры Наиль Мунасипов.
    Депутаттар орталықтың құрылысы тұтынушыға арналған тауарлардың қорытынды бағасына қалай әсер ететінін сұрады. Наиль Мунасиповтың айтуынша, логистиканы оңайлату есебінен баға шамамен 15-20%-ға төмендеуі тиіс.
    Жаңа орталықта көкөніс, жеміс-жидек, ет-сүт өнімдерін сататын болады.
    Нысанның ашылу биылғы жылдың 1 наурызына жоспарланған.
    Жалпы алғанда, Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысында 10 күн өткізді. Олар мектептерде, колледждерде және кәсіпорындарда болып, жұмыс ұжымдарымен кездесіп, заңнамаға енгізілген жаңалықтарды түсіндірді.
    - Адамдар көптеген сұрақтар қойды. Олар негізінен мемлекеттік сатып алу, тұрғын үй-коммуналдық сала, зейнетақы заңнамасы, денсаулық сақтау жүйесіне қатысты болды. Әрине, біз осы мәселелердің барлығын үкіметке қарауға жеткіземіз. Барлық азаматтардың көкейіндегі мәселелерін қарастырып, ешкімді назардан тыс қалдырмауға тырысамыз, - деді депутат Нұрлан Әбдіров.
    Бұған дейін делегация Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбековпен кездесті. Олар өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.