Қарағандыда
  • USD 376.16
  • EUR 406.18
  • RUB 5.90
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Словакиялық мамандар Қарағанды облысының газдандыру әлеуетін зерделемек

    Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтында Словакия елінен келген өнеркәсіпшілерімен кездесу өтті. Тараптар энергия үнемдеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Қонақтарға Қазақстандағы энергия үнемдеу саясатының негізгі құралдары таныстырылды.
    «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің кәсіпорындарында словак технологияларын енгізуге көмек көрсетуге дайындығын білдірді. Кездесуде атап өтілгендей, табиғи және сұйытылған газда жұмыс істейтін словак технологиялары батыс өңірінің көптеген ірі кәсіпорындарында өз пайдалылығын іс жүзінде дәлелдеген.
    Орталық Қазақстанды жақын болашақта газдандыруды ескере отырып, Тараптар Қарағанды облысының әлеуетін зерттеуге келісті. Мамандар Жезқазған аймағында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
    Сондай-ақ тәжірибе алмасуға, ақпараттық хабардарлықты арттыруға, қаржылық инвестицияларды тартуға бағытталған бірлескен іс-шаралар айқындалды.
    Кездесу ADRIAN Group және Market Solution компанияларымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.
    ADRIAN Group s.r.o өндірістік кәсіпорындар үшін жылыту жүйесін шығарады. «Market Solution» ЖШС Қазақстандағы словак өндірушісінің ресми өкілі болып табылады.

    kazee.kz