Қарағандыда
  • USD 443.50
  • EUR 479.47
  • RUB 5.79
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Birgemiz акциясы өтті

    Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында 30 мыңнан астам адам Birgemiz акциясына қатысты. Олардың қатарында өңірдің белсенді тұрғындары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Шара барысында жас еріктілер ерекше белсенділік танытты.
    Акция аясында қатысушылар көшелер мен аулаларды қардан тазартты. Жалпы облыс бойынша 40 мың м3 қар шығарылды.
    - Өңірде волонтерлықты дамыту – бұл өте маңызды міндет. Біз өз ауласын тазалай алмайтын ардагерлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесеміз. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері өз кезегінде осы мекен - жайлардан қар шығару жұмыстарын ұйымдастырды, - деді Қарағанды облысының Жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев.
    - Мен балаларға өте ризамын. Біздің ауланы қалың қар басып кетті, тіпті үйден де шыға алмай қалдық. Ал олар келіп, бізге көмектерін көрсетті. Бұл өте қажетті акция. Оны ойлап тапқан адамдарға рахмет айтамыз, - деді зейнеткер Татьяна Назарова.
    Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, акцияға 31 мыңнан астам адам және 1643 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Орталық көшелерден, саябақтардан, гүлзарлар мен жая жүргіншілер жолдарынан қар тазалау және шығару үшін 803 бірлік арнайы техника тартылды.
    Birgemiz акциясы Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында өтті.