Қарағандыда
  • USD 379.75
  • EUR 415.18
  • RUB 5.78
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Биыл Жезқазғанда 252 отбасының тұрғын үй мәселесі шешіледі

    Биыл Жезқазғанда 20 көп балалы отбасы өз баспанасын алады. Өздерінің пәтер мәселесін барлығы 252 отбасы шешеді. Бұл туралы аймақ әкімі Қайрат Бегімов Аймақтық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте хабарлады.

    2020 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 20,0 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады деп жоспарлануда.
    - «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жеке құрылыс салушылардың есебінен 5 қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй тапсырылды. Жалпы ауданы 6,6 мың шаршы метр екі үйдің құрылысы жалғасуда. Осы үйлерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сату жоспарлануда. Ағымдағы жылы бюджеттік инвестициялар есебінен жалға берілетін бір тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, 2 жалға берілетін және 2 несиелік көп қабатты тұрғын үйлер мен оларға инженерлік коммуникациялардың құрылысы басталды, - деді Қайрат Бегімов.
    Сондай-ақ, қалада көп балалы отбасыларға да баспана мәселесін шешуге көмек көрсетілуде. Мәселен, 2019 жылы осындай 38 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Биыл тағы 20 отбасы қоныс тойын тойлайды.
    Сондай - ақ, Қайрат Бегімов биліктің маңызды міндеттердің бірі – апатты үй тұрғындарын көшіру туралы айтып берді. Мұндай үйлер Жезқазғанда 25. Олардың 16-сы бұзылатын нысандар тізіміне енгізілген. 9 үй күрделі жөндеуді қажет етеді.
    - Біз үш жыл ішінде 16 апатты үй тұрғындарын кезең-кезеңімен көшіру бағдарламасын әзірледік. Екі жыл ішінде біз 13 құрама-қалқан және шлакоблок үйлерін мекендеп жатқан тұрғындарды көшіреміз. Ал 2022 жылы 3 панельді және ірі блокты үйлердің тұрғындары көшіріледі. Бас жоспарға сәйкес ескі тұрғын үйлерді бұзу және жаңасын салу көзделген. Бұл бағытта біз жеке құрылыс салушылармен жұмыс жүргізудеміз. Қалада 2012 жылдан 2020 жылға дейін 216 млн. теңгеге 15 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының қайтарымды қаражаты есебінен 4 үйді жөндеуді жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Қайрат Бегімов.