Қарағандыда
  • USD 379.75
  • EUR 415.18
  • RUB 5.78
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысы әкімінің есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтеді

     

    Құрметті облыс тұрғындары!


    2020 жылғы 19 ақпанда сағат 15.00-де С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында (Бұқар Жырау, 25) Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

    Облыс әкімінің есеп беру кездесуін Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында (karaganda-region.gov.kz) және Saryarqa телеарнасының эфирінде көруге болады.
    Сонымен қатар, есептік кездесу барысында жедел желі телефондары жұмыс істейтін болады. Тұрғындар 424013, 424006, 424003 нөмірлері бойынша өз сұрақтарын қоя алады.
    Сондай-ақ, халықпен кездесу қарсаңында, 2020 жылғы 18 ақпанда облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізетінін хабарлаймыз.
    Алдын ала 17 ақпанға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін 421190 телефоны бойынша жазылуға болады.