Қарағандыда
  • USD 379.75
  • EUR 415.18
  • RUB 5.78
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Гоголь атындағы кітапханада Конституцияны қаншалықты жақсы білетіні жайлы квест өтеді

    Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында еліміздің басты заңын білу бойынша квест өтеді. Іс-шара Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуына орайластырылады.
    Ойын командалық болады. Шара кітапхана залдарының бірінде өтеді. Онда әрбір зат квесттің бір бөлігі және жауапты ойға салатын нысан болады. Қатысушылардың басты міндеті – бөлмеден шығу. Ол үшін 11 бөліктен тұратын «кілтті» жинау керек. Оларға еліміздің Конституциясы туралы сұрақтарға дұрыс жауап алу арқылы ғана қол жеткізу мүмкін.
    Құмар ойын уақыты шектеулі болады. Әрбір дұрыс жауап қосымша минуттарды қосады. Қателер, керісінше, ойын уақытын қысқартады. «Кілтті» басқалардан жылдам жинайтын команда жеңімпаз атанады.
    Квест 19 ақпанда сағат 15.00-де өтеді.