Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қазақстанда инвестиция тарту қалай жүзеге асырылып жатыр

    Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6%-ға артып, 7,5 трлн. теңгені құрады.

    Тау-кен өнеркәсібінде (41,4%-ға), құрылыста (37,1% -ға) және өңдеу өнеркәсібінде (26,4%) өсім байқалады.

    Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің  айтуынша,  республикалық деңгейде инвестициялардың басым бөлігі Атырау (35,8%), Астана (9,2%), Алматы (6,5%) сияқты өңірлерге тиесілі.

    «Инвестициялардың өсімі көптеген өңірлерде байқалады.Солардың ішіндегі үш көшбасшы өңірге Шымкент– 2,8 есе, Атырау - 35,6% және Қарағанды облысы - 28,5% жатады.Алматы (0,5%) мен Жамбыл (3,4%) облыстарында Инвестиция өсімі азайған, ал, Түркістан (9,2%) облысында төмендеу байқалды.Алайда, бүгінгі күні Түркістан аймағына объективті баға беру қиын. Өйткені, өткен жылы базада Шымкент қаласы қамтылған болатын», - деді Ж.Қасымбек.

    Министр атап өткендей,  негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі жеке қорлардың үлесі 2018 жылдың 9 айында 73,1%-ды құрады.

    «Биылғы жеке меншік қаражатты 2017 жылдың  9 айымен салыстырғанда өсім мына аймақтарда байқалды:Жамбыл - 20,9%-ға, Маңғыстау - 20,6%-ға, Ақмола - 17,2%-ға, Атырау - 16,0%-ға, Алматы - 9,6%-ға, Шығыс Қазақстан -7,4%-ға, Қарағанды - 7,2%-ға, Түркістан - 3,5%-ға, Павлодар - 1,9%-ға, Алматы қаласында - 1,2%-ға, Батыс Қазақстан - 0,3%-ға, Қостанай -0,04%-ға өсті», - деді Ж.Қасымбек.

    Сондай-ақ,  биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 12,3 млрд. долларды құрады.

    «Атап айтқанда өсім мына салаларда байқалды: тау-кен өнеркәсібі – 6,7 млрд. долл. (өсім 13,6%), көлік – 393,3 млн. долл. (өсім 21,7%), сауда– 2,0 млрд. тенге (өсім 37,3%), қаржылық және сақтандыру қызметі – 359,5 млн. долл. (өсім 1,7 есе), ақпарат және байланыс – 124,2 млн. долл. (өсім 5,7 есе)», - деді Ж.Қасымбек.

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлт жоспары - 100 нақты қадам аясында Министрлік трансұлттық компанияларды (ТҰК) тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

    «Шамамен 10,6 млрд. доллар болатын 34 жобадан Трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды (12 жоба іске асырылуда, 22 жоба пысықтауда).Жалпы сомасы 1,4 млрд. доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында, биыл оның ішіндегі құны 1 млрд. доллар болатын 8 жоба қарқынды түрде іске асырылуда», - деді министр.

    Атап өтсек,  маңызды жобалардың арасынан инвестиция көлемі 83 млн. доллар Техникалық газ өндіретін немістің Linde Group компаниясын, инвестиция көлемі 165 млн. доллар картоп өңдейтін голландиялық фирманы, инвестиция көлемі 70 млн. доллар жоғары сапалы әк өндіретін бельгиялық Carmeuse Group компаниясын, инвестиция көлемі 220 млн. доллар сода күлін өндіретін түріктің Yildirim Holding компаниясын, инвестицияларының көлемі 194 млн. доллар болат құбырларын шығаратын қытайдың CNPC және цемент өндіретін China Gezhouba Cem компанияларын атауға болады.

    Жалпы сомасы 9,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын 22 жоба пысықталуда.

    «Бұлардың арасынан майлауға арналған жоғары сапалы май өндіретін қытайлық Citic Group, алюминий өнімдерін шығаратын жапондық Hanacans, өсімдік майын өндіретін Marubeni, француздық фармацевтикалық препараттар өндіретін Servier жобаларын атауға болады», - деді Ж.Қасымбек.

    Қазіргі уақытта 3 деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылды:

    - сыртқы деңгейде - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің инвестициялық кеңесшілері және «Kazakh Invest» өкілдері.

    - орталық деңгейде - Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-ы.

    - өңірлік деңгейде - жергілікті атқарушы органдар, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-ның аймақтық өкілдері.

    Бұдан бөлек, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес инвестициялық климатты жақсарту жұмыстары жүргізілді. Министрлік Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Комитеттерімен өзара іс-қимыл жасау аясында Инвестиция комитетінің отырыстарына «қауымдастырылған мүшесі» ретінде белсенді қатысуда.

    «Біз заңнамаға өзгерістер енгізіп, рұқсат беру, салық салу, кедендік бақылау жүйелерін, көші-қон визалық режимін жеңілдеттік.Қазақстанда азаматтары визасыз режиммен келіп кететін елдердің тізімі кеңейтілді. Олардың саны қазір 62. Бұл тізімге Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық елдері кіреді», - деді министр.

    Сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес сот жүйесін жетілдіру жұмысы жүргізілді.

    Бұдан бөлек, 2,2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі 2 жобаға газды өндірістік қажеттілікке жұмсау үшін қосымша көлемдерді бөлу, техникалық сипаттамалар беру және газбен жабдықтау келісім шарттарын жасау мәселесін шешу қажет.

    «Инвестиция тартудағы маңызды рөл - бұл әлеуетті инвесторлар үшін қажетті барлық ақпаратты қамтуы тиіс сапалы инвестициялық портал болып табылады.Үкіметте бірқатар отырыстар өткізіліп, оларда маңызды мәселелер, соның ішінде инвестпортал туралы айтылды.Қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде инвестициялық порталдарды толтыру туралы мәселесіндегі барлық ескертулер жойылды. Қалғаны биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді Ж.Қасымбек.

    Өз кезегінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  2018 жылдың  9 айының  қорытындысы бойынша барлық тиімді көрсеткіштердің   өскенін атап өтті.

    «Инвесторларға барлық  деңгейде қолдау шаралары көрсетілуде.  Дегенмен,  біраз жағдайларға назар аудару керек. Инвесторлармен жұмыс істеуге қажетті  жағдайлар жасалды.  Өңірлерде  инвестиция тартуға барлық жағдайлар жасалды. Әкімдердің  арнайы тағайындалған   орынбасарлары жұмыс істеуде. Барлық әкімдер бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, тиімді жұмыс істеулері қажет», - деді Б.Сағынтаев.

    Министр баяндамасында көрсеткендей,  соңғы  2015 жыл мен 2018 жыл аралығында  264 млрд сыртқы инвестиция тартылды.  

    «Жалпы, инвестиция өсімі Шымкент 275 пайыз, жекеленген  үлесі  65  пайыз екені   айтылды.  СҚО, Қызылорда Ақтөбе, Астана қалаларында да солай, жеке инвестиция бойынша  жұмыс істеліп жатқан жоқ. Барлығы бюджеттен ақшаны алу, квазимемлекеттік инвестициясын әкелу, ал жеке кәсіпкерлікті тарту, оған жағдай жасау бойынша жұмыс жоқ. Сондықтан осы мәселеге аса назар аударуды сұраймын», - деді Б.Сағынтаев.

    Сондай-ақ, Премьер-Министр елшіліктердің басты міндеті инвестиция тарту екенін айтты.

    «Елбасы да бұл мәселеге қатты көңіл бөледі. Елшіліктердің негізгі мәселесі- инвестиция тарту. Бізде көптеген кеңесшілердің  жасап жатқан  жұмысы бір. Тартылып жатқан инвестицияларды   елшіліктермен қарап, KPI-ын көрейік. Қай елден, қай елшіліктің көмегімен қанша инвестиция тартылғанын көрейік. Нақтыланған елшіліктер ғана жұмыс істеп жатыр», - деді Б.Сағынтаев.

    Сонымен қатар, Б.Сағынтаев  іскерлік кеңестер мен бизнес  форумдарға да талдау жасау керектігін айтты.

    «Әрбір бизнес форумда көптеген меморандумдарға қол қоямыз. Аяғы немен бітті?  Әрбір облыста инвест-форумдар өтіп жатыр,  ол жақсы, облыстың мүмкіндігін   көрсету керек. Солардың  қанша пайызы іс жүзіне асып жатыр? Шешілмей жатса, неліктен шешілмеді? Соны қарастыру керек. Инвестиция тартқан кезде экономика саласындағы жағдайларды ғана шешіп беру  емес. Олар қаржы құйған соң, қызметкерлерін әкеледі, тіркеу жұмыстары, виза мәселесі мен балаларды мектепке орналасу, медициналық қызмет көрсету мәселелерге назар аудару керек», - деді Б.Сағынтаев.

    Аягөз Құрмаш 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина