Қарағандыда
  • USD 443.50
  • EUR 479.47
  • RUB 5.79
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысының балықшыларын мұз үстінде сақ болуға шақырады

    Қарағанды облысының су айдындарында құтқарушылар мен полицейлер балықшыларға көктемгі мұздың қауіптілігі туралы ескертеді. ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп су айдындарында профилактикалық рейдтерге шықты. Осындай іс-шаралар Федоров, Самарқанд, Кеңгір, Шерубай-Нұра, Жартас су қоймаларында және Балқаш көлінде өткізілді.

    Балықшыларға сондай-ақ облыс өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізіліп, ірі су қоймаларынан су ағызу көлемі артқаны туралы хабарланды. Су айдындарындағы көктемгі мұз жамылғысы берік емес, сондықтан ерекше қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Атап айтқанда: мұзға шықпау, оның үстіне автомобильдермен жүрмеу; жырақтар, жарықтар мен ойықтарға жақындамау; ерте көктемде балық аулаудан бас тарту ережелерін ұстану керектігі айтылды. Ең бастысы-балаларды жалғыз өздерін су айдынына жібермеу және оларға мұздағы және судағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру қажет.

    Егер сіз төтенше оқиғаның куәгері болсаңыз немесе күтпеген жағдайға өзіңіз тап болсаңыз, 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуыңыз керек.