Қарағандыда
  • USD 412.10
  • EUR 454.34
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қазақстанның вице-премьер-министрі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жезқазған және Ұлытауда болып қайтты

    Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жезқазған өңіріне келді. Ол «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс барысымен танысып, өңірдің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына назар аударды.

    Маңызды мәселелердің бірі үшін Жезқазған қаласындағы апаты үйлердегі тұрғындарды көшіру болып табылады. Сондықтан Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында осы мәселеге назар аударды.

    - Облыс әкіміне бұл мәселені бақылауға алуды және келесі жылдың соңына дейін оны шешуді тапсырамын, - деді Ералы Тоғжанов Қарағанды облысының басшысына.

    - Облыста барлығы 54 үй апатты деп танылды, оның 26-ы осында. Биыл қалалық бюджеттен ақша бөлінді. Мәселені шешіп жатырмыз, - деп сендірді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

    Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында халыққа үздіксіз су беру мәселесі де өзекті болып тұр. Жезқазған жұртшылығы Ералы Тоғжановқа осы мәселемен жүгінді.

    - Қарағанды облысының әкімімен бұл мәселені талқыладық. Оны шешу жолдарын қарастырамыз, - деді Ералы Тоғжанов.

    - Біз Кеңгірден шығатын резервтік су тартқышты салудамыз. Ол екі ай аралығында іске қосылады. Сондай-ақ Есқұлада суағарын салу жобасын іске асыруға кірісудеміз. Нәтижесінде, 15% су Жезқазғанға Есқұла су құбырынан, 55-60%-ы Үйтас-Айдос су таратқышынан және қалғаны Кеңгірден тартылады, - деді Жеңіс Қасымбек.

    Жезқазғанда жалпы сомасы 3,9 млрд.теңге болатын 36 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, қалада 58 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын, 1,5 шақырым кәріз және су құбыры желілерін, 34 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Сонымен қатар, екі саябақ абаттандырылады, 800-ден астам жарықтандыру тіректері орнатылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша мыңнан астам жұмыс орны ашылады, 600-ге жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасады.

    Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов 900 орындық мектепті аралап көрді. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысан аяқталу сатысында. Ауланың аумағын абаттандыру, көгалдандыру, жиһаз және құрал-жабдықтар алу қалды.

    Ұлытау ауданындағы Жошы хан тарихи-мәдени орталығының құрылыс алаңы да Премьер-министр орынбасарының назарынан тыс қалған жоқ. Жөндеу және құрылыс үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысатын жұмысшылар тартылады.

    Сондай-ақ, қазір Жошы хан мен Алаша хан кесенелерінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

    - Кесенелерді қалпына келтіру кезінде бірінші кезекте тарихи құндылықты сақтау қажет. Президент осы кесенелерді қалпына келтіруді бақылауға алды. Барлығын сапалы жасау маңызды. 2020 жылы бұл маңызды оқиғалардың бірі болмақ, - деді Ералы Тоғжанов.

    Ұлытау ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 18 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл Қарсақпай және Жезді ауылдарындағы спорттық - сауықтыру кешендерінің, Ұлытау кентіндегі тазарту нысанының құрылысы, сондай-ақ білім беру саласында үш жоба, мәдениет саласында төрт жоба және ТКШ-ның сегіз жобасы. 522 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 263 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасады.