Қарағандыда
  • USD 412.10
  • EUR 454.34
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Қарағанды облысында тағы да 10 адам КВИ дертінен емделіп шықты

    Бүгін, 22 мамырда Қарағанды облысында COVID-19 індетіне шалдыққан 10 науқас ауруханадан шығарылды.

    Теміртау қаласының 9 тұрғыны: 1957, 1963, 1978, 1979, 1990 ерлер, 2008, 2013, 2016 ж. т. балалар және 1960 ж. т. әйел дертті жеңіп шықты. Дәрігерлер оларға орташа ауырлықтағы КВИ диагнозын қойған. Сауыққандардың арасында 1972 жылы туған бір қарағандылық әйел де орташа дәрежедегі коронавируспен ауырып шықты.
    Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін емделушілер үй карантиніне шығарылған.

    Қарағанды облысында 22 мамырда сауыққандардың жалпы саны 180 адамды құрады.