Қарағандыда
  • USD 352.54
  • EUR 415.15
  • RUB 5.31
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қазақстан құрамасы Қарағандыда өткен кёкушинкай каратэ бойынша балалар-жасөспірімдер Чемпионатында екінші орын иеленді

09 Шілде 2018 11:14

6 шілдеде Қарағандыда кёкушинкай каратэ бойынша балалар-жасөспірімдер арасыеда ІІІ Әлем Чемпионаты өтті. Оған 17 елден келген 150-ден астам спортшы қатысты.

Сайыстың алдында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Халықаралық каратэ ұйымының директоры шихан Шичинохе Ёшигерумен және түрлі елдердің ұлттық каратэ федерацияларының жетекшілерімен кездесті.

- Осындай ауқымды спорт шарасын тамаша ұйымдастырып отырған сізге және Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының президенті шихан Тәжімұрат Ниязбековке үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ барлық қаратешілерге, осы шараға үлес қосқан барлық адамдарға да рахме айтамын, - деді шихан Шичинохе Ёшигеру аймақ басшысына. – Мен каратэ ең бастапқыда жапон спорт түрі болғанына қарамастан Қазақстранда жақсы сіңісіп кеткеніне өте қуаныштымын. Жәнеде бұл жекпе-жек түрі сіздердің елдеріңіздегі жастардың дамуына үлес қосып келеді. Дүниежүзілік каратэ ұйымының президенті ретінде мен біздің тарапымыздан Қазақстанда, оның ішінде сіздердің аймақтарыңызда каратэнің дамуына барынша қолдау жасалатынына уәде беремін.

Ерлан Қошанов «Қазақстанда барлығы белсенді түрде спортпен шұғылданатынын, жәнеде оған Президентіміздің өзі үлге болып отыр», деп атап айтты.

- … Ал каратэге келер болсақ, жақын арада бұл спорт түрімен Жапонияға қарағанда біздің елде көбірек адам айналысуы әбден мүмкін. Барлығы соған бара жатыр, - деді аймақ басшысы.

Ресейдегі Кёкушинкай каратэ Одағының Президенті Александр Крамышевтің айтуынша, ол және оның әріптестері Бүкілқазақстандық ұйымнан үлгі ала отырып, өздерінде де каратэ аула мектептерін ашуға дайын.

- Біз үшінші рет халықаралық дауыс беру арқылы чемпионаттың өтетін орны Қазақстанда болады деп шешім қабылдап отырмыз. Шнымен де, бұл жерде осы спорт түрінің дамуына үлкен назар аударылуда. Сондай-ақ біз әр аулада каратэні дамыту бойынша жобаны жүзеге асырып отырған Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымынан үлгі алғымыз келеді. Ресейде де осысекілді жобаны ұйымдастырсақ екен дейміз, - деді Александр Крамышев.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, Халықаралық каратэ ұйымының директоры шихан Шичинохе Ёшигеру, «Бүкілқазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымы» АҚҰ жетекшісі Тәжімұрат Найзабеков, Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

- Құрметті қонақтар мен спортшылар, Қарағандыға қош келдіңіздер, Қазақстанға қош келдіңіздер. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан Халықаралық крктэ ұйымына чемпионатты біздің елімізде өткізуге мүмкіндік сыйлағаны үшін алғысымызды жеткізуге рұқсат етіңіздер. Біз үшін ол үлкен мәртебе, - деді өзінің құттықтау сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов.

Сайыстар С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтті. Жекпе-жектерге 12 – 17 жас аралығындағы спортшылар қатысты, олар үш жас топтары бойынша және 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ таластырды. Қыздар арасында алты және ұлдар арасында тоғыз салмақ дәрежесі болды.

Төрелік әділ және тең құқылы болуы үшін рефери бригадасы «бір елден бір төреші» принципі бойынша жинақталды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Бірінші орын Жапония құрамасына бұйырды. Үшінші – Ресей құрамасына берілді. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар алды, ал жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар табыс етілді.

- Бұл чемпионат кёкушинкай каратэ әлем бойынша қаншалықты танымал екенін көрсеттті. Осы спорт түрімен ересектер де, балалар да айналысады. Тіпті балалар және жасөспірімдер арасында осындай жоғары деңгейде сайыстар өткізіледі, - дейді Жапония құрамасының бас жаттықтырушысы Миаги Такеши. – Әрине, жас жапондық спортшыларға ұлт құрамасына еніп, өз елінің намысын қорғау үлкен мәртебе болып саналады. Жапония командасының қатысушылары – біздің ұлттық чемпионаттың чемпиондары мен күміс жүлдегерлері. Құрамада 21 спортшы бар. Біздің балалар каратэмен шамамен 4-+5 жасынан бастап айналыса бастайды. Олар аптасына алты күн жаттығып, жексенбі күндері ғана демалады. Осы чемпионатта біздер үшін басты мықты қарсыластар қазақстандықтар болды, олар жай ғана турнир иелері ғана емес, сонымен қатар өте мықты құрама екенін көрсетті.

Кёкушинкай каратэ бойынша балалар-жасөспірімдер Чемпионаты Қазақстанда осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бірінші сайыс 2014-ші жылы Ақтау қаласында, ал екіншісі 2016-шы жылы Астанада өткен болатын.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/22978