Қарағандыда
  • USD 371.86
  • EUR 433.33
  • RUB 5.46
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

11 Шілде 2018 17:21

Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша әртүрлі іс-шаралар көрсетіледі. Олардың бірі - мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу болып табылады, үйде оқытылатын әрбір мүгедек балаға тоқсан сайын 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемелекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі.

Өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

нысан бойынша өтініш;

1. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2. тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4. бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

5. банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

6. бойынша оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы;

Толықтай кеңес алу үшін Поспелов көшесі, 16 үйде орналасқан «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не №1 кабинетке демалыс (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда), сағат 09.00-дан 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүгінуге болады. Анықтама үшін телефондары: 30-02-33, 30-01-69.

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина