Қарағандыда
  • USD 371.86
  • EUR 433.33
  • RUB 5.46
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың назарына!

12 Шілде 2018 10:08

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың бірыңғай республикалық деректер базасы» бағдарламалық өнім құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 Қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгібағдарламасына», сонымен қатар мақсаты «ҚазақстанТұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ сияқты екінші деңгей банктерімен және «Самрұқ Қазына» АҚ жылжымайтын мүлік Қорымен бірлесіп халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылатын ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22маусымдағы №372 Қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасына қатысуға құқылы.

Жергілікті атқарушы органның деректер базасында кезекте тұрған азаматтардың мәліметтері толық емес, атап айтқанда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) жоқ. Осы мәліметтердің болмауы тұрғын үй алу мүмкіндігін шектейді, себебі бұл деректер кезекте тұрғандардың Бірыңғай республикалық деректер базасына енгізіледі.

Осыған орай тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарды жеке сәйкестендіру номерлері (ЖСН) туралы мәлімет, атап айтқанда жеке басын куәландыру құжаттарын Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 9 терезе, мекенжайы бойынша (қалалық әкімдік ғимараты) күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынуларын сұраймыз.

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина