Қарағандыда
  • USD 361.15
  • EUR 414.71
  • RUB 5.53
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағандыда 5-6 сынып оқушылары үшін робототехника бойынша курстар ұйымдастырылды

08 Тамыз 2018 14:44

Қарағандыда қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары үшін робототехника бойынша курс сәтті аяқталды. Дәрістер тегін өтті, балалар робототехника негіздерін меңгеріп, 3D модельдеу және бағдарламалауды үйренді.

Инновациялық лагердің ұйымдастырушысы – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернат, жоба демеушісі - «Kerneu Technologies» ЖШС.

– Бүгінгі таңда әлем бойынша робототехника күн сайын танымал болып, кең етек жайып келеді,- дейді «Kerneu Technologies» директоры Айгүл Божбанова. – Біз мектеп оқушыларының осы жас ғылымды меңгергенін қалаймыз, себебі оның бүгінгі күні қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Біздің «Мұрагер» ММИ-мен әріптестігіміз бізге жазғы курстарға демеушілік етуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Балаларға дәрістер ұнап, келешекте робототехниканы меңгерулерін жалғастырады деп үміттенеміз.

Жұма, 10-шы тамызда 10.00-де «Мұрагер» ММИ-да робототехника курсынан өткен оқушыларды марапаттау рәсімі өтеді.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/23287

 

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина