Қарағандыда
  • USD 367.06
  • EUR 416.17
  • RUB 5.56
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағандылықтарды World cleanup day сенбілігіне қосылуға шақырады

14 Қыркүйек 2018 10:40

Қарағандылықтарды жыл сайын әлемнің 150 елінде өтетін дүниежүзілік World cleanup day сенбілігіне қатысуға шақырады.
Акция 15 қыркүйек күні өтеді. Еріктілер Үштөбе жаққа барар жол жанындағы ағаштар аумағын жинайды. Сенбілікті ұйымдастырушылардың бір басты талабы – қоқыстарды бөліп жинау. 
- Ол жерден жиналған қоқыс қала сыртына апарылмай, қайта өңделеді. Пластик, шыны және қағаз Теміртаудағы «ТТК» ЖШС жіберіледі, ол жерде қатты тұрмыстық қалдықтардан кәріздерге арналған қақпақтар жасалады,-дейді «Eco Alem KZ» ЖШС даму ісі жөніндегі директоры Айрат Қарамурзин. 
Еріктілерге қоқыс жинау үшін қолғап пен пакеттер беріледі. Алғашқы 200 қатысушы акцияның логотипі бар футболкаға ие болады.
Келем деушілерді 15 қыркүйек күні сағат 9-да каскад алаңына шақырады. Ол жерде оларды автобус күтеді. Жеке көлігі бар азаматтарға сағат 9.40 бірден сол жерге баруға кеңес беріледі. Сенбілік уақыты шамамен - бір сағат. 
Акция World cleanup day акциясы алғаш рет 2011-ші жылы Эстонияда өтті. Бүгінде дүниежүзілік сенбілікке 150-ден астам елдің азаматтары қатысады. Қазақстан оған алғаш рет қосылады.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/23754

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина