Қарағандыда
  • USD 367.06
  • EUR 416.17
  • RUB 5.56
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлерді іріктеудің кезекті кезеңі басталды

14 Қыркүйек 2018 10:43

Елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі бастау алды. Жаңа үміткерлерді іріктеу жүріп жатыр. Өтініштер қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерден, жәнеде жеке азаматардан қабылданады. 
Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Серік Санаубаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифингте мәлім етті.
- Менің ойымша, елімізде, әсіресе Қарағанды облысында өз еңбегімен, өз интеллектісімен, талантымен және өмірімен Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген азаматтар баршылық. Ол азаматтар туралы айту керек. Олар басқалар үшін үлгі болуы тиіс,-деді спикер.
Өткен жылы Қарағанды облысынан ұлттық жобаның іріктеу кезеңіне 194 өтініш жіберілді. Халық дауыс беру арқылы таңдалған 102 жеңімпаздың 7-уі қарағандылықтар. Олар түрлі сала өкілдері: дәрігерлер Ғабит Махамбаев, Нұрқаси Абатов және Роза Әлімханова, әскери қызметкер Қайрат Үмбетов, полиция қызметкері Дәурен Алтаев, жас кәсіпкер Арман Тосқанбаев, спорт қайраткері Сергей Ан.
Қыркүйек айында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 100esim.el.kz ресми порталында жаңа өтініштер қабылдана бастады. 
Үміткер кәмелет жасына толған және өз саласында жетістіктерге жеткен болуы керек. Ол туған елінің дамуына қосқан үлесін көрсетуі керек. Оның басқаларға үлгі бола алатындай жетістіктері болуы қажет. 
- Биыл іріктеу жүйесі өзгертілді. Түрлі қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, қәсіподақтар, еңбек ұжымдары өз үміткерлерін ұсына алады. Бір сөзбен айтқанда, үміткерлерді ұсынуға барлық азаматтық қоғам қатыса алады. Сонымен қатар, жеке тұлғалар өздері өтініш бере алады,-деп атап өтті Серік Санаубаев. – Облысымызда осы жобаға лайықты азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Облысымыз өндіріс орталығы, сондай-ақ мұнда азаматтық қоғамда жақсы дамыған. Елімізде қарағанадлықтарды көбірек білу үшін өтініштер беріңіздер.
Өтініштерді қабылдау қазан айының ортасына дейін жалғасады. Қараша айында халықтық онлайн-дауыс беру өтеді,оның қорытындысы бойынша ұлттық жоба жеңімпаздарының жаңа тобы анықталады.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/23758

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина