Қарағандыда
  • USD 361.94
  • EUR 423.25
  • RUB 5.40
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қарағандылықтар жүлделі орындарды иеленді

14 Қыркүйек 2018 17:17

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қарағандылықтар тоғызқұмалақ пен асық ату бойынша жүлделі орындарға ие болды. 
Қарағандылық Аңсаған Қожанасып тоғызқұмалақ бойынша құрама құрамында жалпы командалық есепте екінші орынды және жеке есепте төртінші орынды иеленді. Аңсаған қазір 17 жаста, тоғызқұмалақпен 8 жыл айналысуда. Жазда осы спорт түрінен Азия чемпионы атанды. 
Айбек Қадбығаниев көшпенділер ойынында асық атудан күміс медальді жеңіп алды. Ол бұл ұлттық ойынның бұл түріне кішкентайында қызыққанын айтты:
- Барлық ұлдар секілді менде аулада асық ойнадым. Кейін оған деген қызығушылығым арта түсті. Мені байқап, жарыстарға шақыра бастады. Мен үнемі ұтып, осылайша Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатыстым. Үнемі жаттығамын деп айта алмаймын, бірақ дайындалып тұрамын. Мұнда асықтың нақты бір күшпен ұшуы маңызды, ол үшін оны жақсылап айналдыру керек. Сондай-ақ мерген болу керек. 
Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны екінші – сегізінші қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтті. Онда 80 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. 
Қазақстан құрамасы медальдік есепте екінші орынды иеленді – 18 алтын, 24 күміс және 30 қола жүлде. Бірінші орында Қырғызстан құрамасы, оларда 40 алтын, 32 күміс және 31 қола медаль. Үшінші орында 56 медальмен Ресей құрамасы, төртінші орында 33 медальмен Өзбекстан, ал бесінші орында 27 медальмен Түркіменстан. 
Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2014-ші жылдың 9-14 қыркүйегінде Қырғызстанның Ыстық-Көл облысының Шолпан-Ата қаласында өтті. Онда 19 елден 583 спортшы қатысқанды. Жарыстар этноспорттың 10 түрінен өтті. Мәдени бағдарламаны өткізуге 1200 адам қатысты. Телеарналардағы трансляция арқылы ойындарды 230 млн. адам тамашалады.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/23766