Қарағандыда
  • USD 371.31
  • EUR 419.32
  • RUB 5.59
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Мұғалімдер Күнімен!

07 Қазан 2018 09:11

Құрметті ұстаздар және педагогика еңбегінің ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған өз үндеуінде, бәсекелес мемлекеттің қалыптасуының маңызды бөлігі болған және болып қала беретін білім саласын дамытуды ерекше атап өтті. Өйткені педагог біздің қоғамның басты ойшылы болғандықтан, жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын, "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын ілгерілетуде мұғалімдер жетекші рөл атқарады.

Білім беру — бұл еліміздің болашағының, жоғары біліктіліктің, жаңа ұрпақтың отансүйгіштік және рухани негізін қалаушы сала. Әрі оның басты тірегі — сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз бен қайсарлықтарыңыз. Сіздер өзіңізді өте маңызды іске арнадыңыз. Мемлекет Басшысы атап өткендей «XXI лайықты ұрпағын тәрбиелеу – ол үлкен жауапкершілік, қажымас еңбек және зор құрметке лайық».

Қарағанды қаласында білім беру жүйесін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда: мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелер дамуда, олардың материалдық-техникалық базасы нығаюда, олар қазіргі заманғы құралдармен және техникалармен жабдықталуда. Аталған саланы қаржыландыру жыл сайын артуда.

Бүгінде облыс орталығының біл ім беру ұйымдарында жеті мыңнан астам педагогтар еңбек етуде – әрі бұл жас мамандар мен жетілген кәсіпқойлар, және өз ісінің шеберлері. Сіздердің әрқайсыңызға ең бастысы – біздің балаларымыз сеніп тапсырылған!

Білім беру қызметкерлерінің арасында шығармашылық ізденістегі адамдар аз емес. Біз көптеген инновациялық жобаларды құрып, бүкіл елімізде педагогикалық қоғамның жоғары бағаға ие болғаны үшін сол адамдарға міндеттіміз.

Жоғары білімді, талантты, саналы және патриотты ұстаз ғана лайықты ұрпақты тәрбиелей алады. Сіздер оқушыларға өз біліміңізді, өмірлік тәжірибелеріңізді, сезімдеріңізді, яғни біздің қаламыздың болашағына да білім бересіздер. Сондықтан да педагог мамандығының беделін көтеруді және оларды барынша қолдауды мемлекет басты назарда ұстап келеді.

Әр ұстаз оқушының табыстарына жауапты. Осы жылдың өзінде 244 оқушы халықаралық және республикалық интеллектуалдық олимпиядалардың жеңімпаздары атанды, 43 қарағандылық оқушы – Еуропада ерекше көзге түсіп, халықаралық шығармашылық конкурстарда жеңіп шықты. 2018 жылдың жартылай түлектері оқуға, оның ішінде 588 оқушы Жоғары оқу орындарына және 287 бала  шетел Жоғары оқу орындарына гранттар алды.

Қарағандылық педагогтар әркез жоғары кәсіпқойлықтарымен, белсенді азаматтық ұстанымдарымен, жаңашылдыққа деген ұмтылыстарымен ерекшеленді.

Мұғалім өз мақсатын адамдарға білім мен жақсылықты үйретуге, жастарды даналыққа тәрбиелеуге, болашақ ұрпақты қана емес, Қазақстанның дамуына өзінің жеке үлесін қосу маңыздылығын сезінетін жаңа буын өкілін тәрбиелеуге, оның беделін әлемдік деңгейде нығайтуға жұмсайды. Сіздердің еңбектеріңіз ең шынайы ризашылық пен алғысқа лайық!

 

Құрметті ұстаздар!

 

Сіздер үшін – оқушылардың табыстары ең үлкен бақыт екенін біз білеміз. Олар Сіздерді әркез қуантып және шабыттандыра берсін!

Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық және кәсіптік жеңістер, жаңа идеялар мен жетістіктер тілейміз!

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                                                                                                                                      Н. Әубәкіров       

 

Қарағанды қалалық

мәслихат хатшысы                                                                                                                                                                                                  Қ. Бексұлтанов