Қарағандыда
  • USD 371.31
  • EUR 419.32
  • RUB 5.59
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!»

08 Қазан 2018 11:01

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар, деректемелер мен жарнамалардың сауаттылығын ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкестендіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды.

2018 жылдың қазан айының 5 күні қала бойынша көрнекі ақпараттар, жарнамалар мен көше тақтайшаларының ахуалын саралау мақсатында Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, бірінші қарағандылық телеарнасының қатысуымен «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты айлық өткізілді. Айлық барысында 10 заң бұзушылық анықталды. Нысандардың әкімшілеріне және иелеріне келісім бойынша мәтіндерді түзетуге 14 күн уақыт берілді.

Аталмыш бағытта жұмыстар жалғасуда.