Қарағандыда
  • USD 372.65
  • EUR 422.44
  • RUB 5.57
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз ету сұрақтары

01 Қараша 2018 18:22

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» №39 Заңына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалар, оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген.

Дененің бұзылған немесе жоғалған функцияларын өтеу үшін келесі оңалту құралдары:

1. Протездiк-ортопедиялық құралдар: қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi),жілiншiк протездерi, жамбас протездерi, кеуде бездерінiң протездерi, аппараттар, туторлар, балдақтар, таяқтар, жетек арбалар, корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар, бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары, ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар), аппараттарға арналған аяқкиім, жейде киюге арналған құрылғы, колготки киюге арналған құрылғы, шұлық киюге арналған құрылғы, түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек), белсенді ұстағыш, ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш, қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш, кілтке арналған ұстағыш, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген тұлғаларға, 1,2,3 топтағы мүгедектерге беріледі.

2. Сурдотехникалық құралдар: есту аппараттары, веб-камерасы бар ноутбук, көп функционалды дабылды жүйелер, мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары, дауыс шығаратын аппарат, Ұлы Отан соғысының мүгедектері, Ұлы Отан соғысының мүгедектері үшін артықшылықтар мен кепілдіктерге теңестірілген тұлғалар және есту қабілеті бұзылған 1,2,3 топғы мүгедектер қамтамасыз етіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар тек есту аппаратымен қамтамасыз етіледі.

3. Тифлотехникалық құралдар: тифлотаяқтар, оқу машиналары, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi, рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз, дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар, сөз шығаратын термометр, сөз шығаратын тонометр, тест жолақшалары бар сөз

шығаратын глюкометр, брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал, Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері, көру қабілеті нашар 1,2 топтағы мүгедектерге беріледі.

4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары: бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар, серуендеуге арналған кресло-арбалар.

5. Міндетті гигиеналық құралдар: несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, жөргектер, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар), катетер, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик, қорғаныш крем, сіңіргіш ұнтақ (опа), иісті бейтараптандырғыш, теріні тазартқыш, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық, дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар, жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.

Егер Қарағанды қаласында тұратын және тіркелетін мүгедектігі бар тұлғалар үшін медициналық айғақтамалар болған жағдайда, Оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ақпаратты Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Поспелов көшесі, 16 үй, дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00. ден 17.30 дейін, сағ.13.00 ден 14.30 дейін түскі үзіліспен, немесе 30-02-33, 30-01-69 т. арқылы алуға болады немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының Қарағанды облысы бойынша ХҚКО мекемесінде келесі құжаттармен: - белгіленген нысандағы өтініш,

- ОЖБ үзіндісі,

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина